Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Липидтер, жіктелуі (қарапайым және күрделі липидтер), қызметі, май қышқылдары

Содержание

Дәрістің мақсаты:Липидтер, құрылысы, жіктелуі, қасиеттері, биологиялық қызметі және маңызды май қышқылдары туралы жалпы түсінік беру. Негізі терминдер:ЛИПИДТЕР, ҚАРАПАЙЫМ ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ЛИПИДТЕР: БЕЙТАРАП МАЙЛАР, БАЛАУЫЗДАР, ФОСФОЛИПИДТЕР, СФИНГОЛИПИДТЕР, ГЛИКОЛИПИДТЕР, АЛКИЛАЦИЛАТТАР, ТРИАЦИЛГЛИЦЕРОЛДАР, ФОСФОГЛИЦЕРИДТЕР (ГЛИЦЕРОФОСФОЛИПИДТЕР), СФИНГОМИЛЕИНДЕР, ЦЕРАМИДТЕР, ЦЕРЕБРОЗИДТЕР, ГАНГЛИОЗИДТЕР,
“Биоорганикалық химия” пәні№4 дәрісТақырыбы: “Липидтер, жіктелуі (қарапайым және күрделі липидтер), қызметі, май Дәрістің мақсаты:Липидтер, құрылысы, жіктелуі, қасиеттері, биологиялық қызметі және маңызды май қышқылдары туралы Дәрістің жоспары:1. Липидтердің құрылысы.2. Май қышқылдары – липидтердің құрылымдық компоненті:2.1. Маңызды қаныққан Липидтердің құрылысыЛипидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, Май қышқылдары – липидтердің құрылымдық компонентіГидролиздеген кезде липид (май) глицеролға және май Маңызды қаныққан май қышқылдары Маңызды қанықпаған май қышқылдары Липипдтердің жіктелуіЛипидтерҚарапайым липипдтерКүрделі липипдтерБалауыздарМайлар Алкил-ацилаттарҮшацилглицерид-тер Фосфолипид-терСфинголипид-терГликолипид-терФосфоглицерид-терСфинголипид-терЦерамид-терГлюкоцереброзид-терГанглиозид-терЦереброзидтерГалактоцереброзид-терФосфатидтерПлазмалогендерХолинфосфатидтерСеринфосфатидтерЭтаноламинфосфатидтер Қарапайым липидтер және жеке өкілдеріҚарапайым липидтерге май қышқылдары мен спиирттердің күрделі эфирлері Күрделі липидтер және жеке өкілдеріКүрделі липидтерге – фосфолипидтер, сфинголипидтер және гликолипидтер жатады.Барлық Липидтердің физикалық қасиеттеріМайлардың физикалық және химиялық қасиеттері құрамындағы қышқылдарына байланысты. Мал майы Липидтердің химиялық қасиеттеріТриацилглицеролдар химиялық тұрғыдан бейтарап, инертті келеді. Оларға мынадай реакциялар тән:1. Липидтердің биологиялық маңызыЛипидтер мынадай биологиялық маңызы бар: 1) липидтер энергия қорының (депосының) Бақылау сұрақтары:Липидтер дегеніміз қандай қосылыстар?Липидтер қалай жіктеледі және жәй (қарапайым) липидтерге қандай 1. Салханова С.Н. және т.б. Биоорганикалық химия пәнінен оқу әдістемелік кешен, 2011. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!Тапсырма:Маңызды қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының химиялық формулаларын тәжірбиелік сабаққа жаттап келу.
Слайды презентации

Слайд 2 Дәрістің мақсаты:
Липидтер, құрылысы, жіктелуі, қасиеттері, биологиялық қызметі және

Дәрістің мақсаты:Липидтер, құрылысы, жіктелуі, қасиеттері, биологиялық қызметі және маңызды май қышқылдары

маңызды май қышқылдары туралы жалпы түсінік беру.
Негізі

терминдер:

ЛИПИДТЕР, ҚАРАПАЙЫМ ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ЛИПИДТЕР: БЕЙТАРАП МАЙЛАР, БАЛАУЫЗДАР, ФОСФОЛИПИДТЕР, СФИНГОЛИПИДТЕР, ГЛИКОЛИПИДТЕР, АЛКИЛАЦИЛАТТАР, ТРИАЦИЛГЛИЦЕРОЛДАР, ФОСФОГЛИЦЕРИДТЕР (ГЛИЦЕРОФОСФОЛИПИДТЕР), СФИНГОМИЛЕИНДЕР, ЦЕРАМИДТЕР, ЦЕРЕБРОЗИДТЕР, ГАНГЛИОЗИДТЕР, МАЙ ҚЫШҚЫЛДАРЫ: МАЙ, КАПРОН, КАПРИЛ, КАПРИН, ЛАУРИН, МИРИСТИН, ПАЛЬМИТИН, СТЕАРИН, АРАХИН ЖӘНЕ ОЛЕИН, ЭЛАИДИН, ЛИНОЛ, ЛИНОЛЕН, АРАХИДОН ҚЫШҚЫЛДАРЫ.


Слайд 3 Дәрістің жоспары:
1. Липидтердің құрылысы.
2. Май қышқылдары – липидтердің

Дәрістің жоспары:1. Липидтердің құрылысы.2. Май қышқылдары – липидтердің құрылымдық компоненті:2.1. Маңызды

құрылымдық компоненті:
2.1. Маңызды қаныққан май қышқылдары.
2.2. Маңызды қанықпаған май

қышқылдары.
3. Липипдтердің жіктелуі:
3.1 Қарапайым липидтер және жеке өкілдері.
3.2. Күрделі липидтер және жеке өкілдері.
4. Липидтердің физикалық және химиялық қасиеттері.
5. Липидтердің биологиялық маңызы.

Слайд 4 Липидтердің құрылысы
Липидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар

Липидтердің құрылысыЛипидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда

іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир,

ыстық этанол, т.б.) ериді. Белоктармен, көмірсулармен қатар липидтер де мал, адам және өсімдіктердің барлық ұлпалар клеткаларының құрамына кіреді. Липид гректің lipos - май деген сөзінен шыққан.
Липидтер деп өсімдік және жануар текті майлар немесе майға ұқсас заттарды атайды. Оларды: қарапайым липидтер – майлар және күрделі липидтер – майға ұқсас заттар деп бөледі.
Липидтерді сілті қатысында гидролизденіп, май қышқылдарының тұздарын (сабын) түзу қасиетіне қарай сабынданатын және сабынданбайтын липидтер деп те бөлінеді.


Слайд 5 Май қышқылдары – липидтердің құрылымдық компоненті
Гидролиздеген кезде липид

Май қышқылдары – липидтердің құрылымдық компонентіГидролиздеген кезде липид (май) глицеролға және

(май) глицеролға және май қышқылдарына жіктеледі. Май қышқылдары дегеніміз

- карбон қышқылдары.
Қаныққан май қышқылдарының молекула құрамында көміртегінің 4-24 атомдары болады және олар түзу тізбекке орналасады. Табиғи майларда көміртегі атомдары жұп болады. Май қышқылдары құрамындағы көміртегін нөмірлеу карбоксил тобы тұрған атомнан басталады. Кейде көміртегі атомдары грек алфавиті әріптерімен де белгіленеді. Мұндай жағдайда карбоксил топқа ең жақын орналасқан көміртегі атомы α-әрпімен белгіленеді, мысалы:
6 5 4 3 2 1
СН3 − СН2 − СН2 − СН2 −СН2 − СООН
ε δ γ β α
Молекуласында бір, екі, үш және одан да көп қос байланыстары бар қанықпаған май қышқылдарындағы қос байныстың орны Δ белгісімен көрсетіледі де, оның шекесіне нөмірлі индекс қойылады. Мысалы, Δ9 деген белгі мынаны білдіреді. Карбоксильдік топтан есептегенде 9 көміртегі атомынан кейін қос байланыс орналасады, яғни қос байланыс молекуладағы 9- және 10 көміртегі атомдарының арасында орналасады. Қышқыл молекуласындағы қос байланыстарды әрқашанда бір метилен тобы (-СН2) бөліп тұрады.
Мұнда да қос байланысты қосылыстар үшін цис-изомерия және транс-изомерия тән, олар Δ белгісінің алдына қойылады. Мысалы, цис-Δ9 немесе транс-Δ9. Табиғи майларда әрқашанда цис-конфигурациялы қанықпаған қышқылдар кездеседі. Молекула құрамында екі немесе одан да көп қос байланысы бар қанықпаған май қышқылдары полиқанықпаған қышқылдар деп аталады.

Слайд 6 Маңызды қаныққан май қышқылдары

Маңызды қаныққан май қышқылдары

Слайд 7 Маңызды қанықпаған май қышқылдары

Маңызды қанықпаған май қышқылдары

Слайд 8 Липипдтердің жіктелуі
Липидтер
Қарапайым липипдтер
Күрделі липипдтер
Балауыздар
Майлар
Алкил-ацилаттар
Үшацилглицерид-тер
Фосфолипид-тер
Сфинголипид-тер
Гликолипид-тер
Фосфоглицерид-тер
Сфинголипид-тер
Церамид-
тер
Глюкоцереброзид-
тер
Ганглиозид-
тер
Цереброзид
тер
Галактоцереброзид-
тер
Фосфатидтер
Плазмалогендер
Холинфосфатидтер
Серинфосфатидтер
Этаноламинфосфатидтер

Липипдтердің жіктелуіЛипидтерҚарапайым липипдтерКүрделі липипдтерБалауыздарМайлар Алкил-ацилаттарҮшацилглицерид-тер Фосфолипид-терСфинголипид-терГликолипид-терФосфоглицерид-терСфинголипид-терЦерамид-терГлюкоцереброзид-терГанглиозид-терЦереброзидтерГалактоцереброзид-терФосфатидтерПлазмалогендерХолинфосфатидтерСеринфосфатидтерЭтаноламинфосфатидтер

Слайд 9 Қарапайым липидтер және жеке өкілдері
Қарапайым липидтерге май қышқылдары

Қарапайым липидтер және жеке өкілдеріҚарапайым липидтерге май қышқылдары мен спиирттердің күрделі

мен спиирттердің күрделі эфирлері жатады. Бұл топты үшацилглицеролдар мен

балауыздар құрайды.
Табиғи майлар үшацилглицеролдар қоспасынан тұрады. Үшацилглицерол – бұл үш атомды спирт глицерол мен май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфир.
СН2−ОН СН2−СОО−R
│ │
СН −ОН + 3R−СООН → СН −СОО−R + Н2О
│ май қышқылы │
СН2−ОН СН2−СОО−R
глицерол үшглицерид (үшацилглицеролдар)
Балауыздар дегеніміз жоғары молекулалы май қышқылдары мен спирттердің күрделі эфирлері. Олар адамдар мен жануарлар организмінің жіне өсімдіктердің құрғаудан (сусызданудан) сақтайды.


Слайд 10 Күрделі липидтер және жеке өкілдері
Күрделі липидтерге – фосфолипидтер,

Күрделі липидтер және жеке өкілдеріКүрделі липидтерге – фосфолипидтер, сфинголипидтер және гликолипидтер

сфинголипидтер және гликолипидтер жатады.
Барлық фосфолипидтер түзілетін аралық алғы зат

болып фосфатид қышқылы есептеледі. Ол 1,2-диацилглицерол, үшінші гидроксил тобы фосфор қышқылымен этерленген.
Табиғи фосфолипидтерде С16-22 көмірсутек атомдары бар қаныққан және қанықпаған май қышқылдары болады. Бірақта көбінесе С16-С18 май қышқылдары кездеседі.
Сфинголипидтердің төрт тобы бар:
1) сфингомиелиндер,
2) цереброзидтер,
3) ганглиозидтер, сфигозин
4) сульфолипидтер.
Соңғы үшеуінің құрамында қант бар, олар гликолипидтер деп аталады. Барлық сфинголипидтердің негізінде сфингозин бар. Сфингозин қанықпаған аминоспирт.
Цереброзидтер - сфинголипидтер ішіндегі ең қарапайымы, церамидтен және қанттың бір қалдығынан (галактозадан немесе глюкозадан) құралады. Құрамында галактоза бар цероброзидтер көп мөлшерде сүтқоректі жануарлардың миында және жүйке ұлпасында кездеседі.



Слайд 11 Липидтердің физикалық қасиеттері
Майлардың физикалық және химиялық қасиеттері құрамындағы

Липидтердің физикалық қасиеттеріМайлардың физикалық және химиялық қасиеттері құрамындағы қышқылдарына байланысты. Мал

қышқылдарына байланысты. Мал майы (сиыр майы, сүт майы және

басқалар) 40-60% қаныққан май қышқылдарынан (негізінен миристин, пальмитин және стеарин қышқылы), 30-35% моноқанықпаған май қышқылдарынан тұрады. Мал майында полиқанықпаған май қышқылдары аз. Сондықтан мал майы үй температурасында қатып қалады.
Өсімдік майында әдетте қаныққан май қышқылдары аз (10-20%). Қанықпаған қышқылдар көп (80-90%). Қанықпаған қышқылдардың құрамы өсімдік түріне байланысты. Зәйтүн майының 79% олеин қышқылынан; күнбағыс майының 75% линол қышқылынан тұрады. Өсімдік майлары сұйық күйде болады.
Әр түрлі майлардың балқу температурасы мынадай мөлшерде ауытқиды (°С есебімен):
Сиыр сүтінің майы 28-42 Сиыр майы 42-50
Қой сүтінің майы 29-36 Шошқа майы 34-48
Ешкі сүтінің майы 27-39 Кокос майы 20-28
Адам сүтінің майы 32 Пальма майы 27-42

Слайд 12 Липидтердің химиялық қасиеттері
Триацилглицеролдар химиялық тұрғыдан бейтарап, инертті келеді.

Липидтердің химиялық қасиеттеріТриацилглицеролдар химиялық тұрғыдан бейтарап, инертті келеді. Оларға мынадай реакциялар

Оларға мынадай реакциялар тән:
1. Гидролиз реакциясы. Бұл реакция әсіресе

майларға тән нәрсе. Тірі организмде гидролиз реакциясы катализатор (фермент) әсерімен жүреді, ал организмнен тыс жерде сілті катализатор қызметін атқарады және қыздыру қажет.




2. Гидрогендену реакциясы. Қанықпаған май қышқылының қалдығына сутек атомдарын қосады. Әдетте мұндай реакция сұйық майдан қатты май алу мақсатымен іске асырылады. Маргарин өндірісінде саломас алу үшін қолданылады. Мұндағы катализатор - никель немесе платина.










Слайд 13 Липидтердің биологиялық маңызы
Липидтер мынадай биологиялық маңызы бар:
1)

Липидтердің биологиялық маңызыЛипидтер мынадай биологиялық маңызы бар: 1) липидтер энергия қорының

липидтер энергия қорының (депосының) негізгі түрі немесе энергия көзі;
2)

тірі организм үшін көміртегі атомдарын беруші;
3) липидтер клетка мембранасының құрылымдық және рецепторлық бөлігі;
4) липидтер басқа да биологиялық тұрғыдан маңызды органикалық қосылыс-тардың алғы заты бола алады;
5) қорғаныс қызметін атқарады, организмдерді ыстық-суықтан, электр және механикалық әсерлерден (соққыдан, қағылып соғылудан, қатты суықтан) қорғайды;
6) липидтерде көптеген витаминдер ериді және құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары бар, ондай қышқылдар организмнің қалыпты тіршілігі үшін қажет.

Слайд 14 Бақылау сұрақтары:
Липидтер дегеніміз қандай қосылыстар?
Липидтер қалай жіктеледі және

Бақылау сұрақтары:Липидтер дегеніміз қандай қосылыстар?Липидтер қалай жіктеледі және жәй (қарапайым) липидтерге

жәй (қарапайым) липидтерге қандай қосылыстар жатады?
Күрделі липидтерге қандай қосылыстар

жатады?
Липидтердің сабындану реакциясы қандай реакция және практикалық маңызы қандай?
Липидтердің биологиялық және практикалық маңызы қандай?

Слайд 15 1. Салханова С.Н. және т.б. Биоорганикалық химия пәнінен

1. Салханова С.Н. және т.б. Биоорганикалық химия пәнінен оқу әдістемелік кешен,

оқу әдістемелік кешен, 2011. 2. Сейітқалиев Қ.С. Органикалық химия. –

Алматы, 1993. 3. Тюкавкина Н.А., Бауков Ю.А. Биоорганическая химия.- М.: Медицина, 2005.

Әдебиеттер:


  • Имя файла: lipidter-zhіkteluі-қarapayym-zhәne-kүrdelі-lipidter-қyzmetі-may-қyshқyldary.pptx
  • Количество просмотров: 189
  • Количество скачиваний: 2