жиырылуын күшейтетін дәрілер тек клиникалық жағдайда босану ағынын жеңілдетеді.
Миометрияда М- холинорецепторлар α-β2 адренорецепторлар орналасқан.
Миометрияның секреторлы белсенділігіне :
Экстроген( әйел жыныс гормоны);
Окситоцин (гипофиздің артқы бөлігінің гормоны);
Простогландин қуаттандырғыш әсер көрсетеді.
Миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер.
Окситоцин тобының препараттары: окситоцин, метилокситоцин, дезаминоокситоцин, питуитрин, гифотоцин.
Окситоцин- миометрияның ырғақты жиырылуын тудыратын гипофиздің артқы бөлігінің гормоны. Окистоцинге жатыр жүктілітіктің соңғы айларында әсіресе босану кезінде сезімтал келеді. Окситоцин мерзімінен бұрын су кеткенде тиімді.Окситоцин сүт бездерінің секрециясын жоғарлатады. Жамбас пен ұрықтың өдшемі сәйкес келмеуінде, ұрықтың көлденең қиғаш орналасуында, жатырдың жиырылу қауіпінде , кесар тілігінен кейінгі жатыр тыртығында қолданіға болмайды.
Питуитрин- жануарлар гипофизінің артқы бөлігінен алынатын сулы сығынды. Құрамында окситоцин мен вазопресин бар. Ағзада судың сіңірілуін төмендетіп, АҚ- Ы жоғарлататын әсері бар. Қолданылуы окситоцинге ұқсас, антидиуретикалық қасиетіне байланысты қантты емес диабетте және энурезде қолданылады. Қолдануға қарсы көрсеткіштер: гипертониялық ауруларда, айқын атеросклерозда, миокардитте, сепсисте , жүктіліктің нефропатиясында қолдануға болмайды.
Простогландин тобының препараттары: динопрост, динпростон.
Простагландиндер- ағзаның барлық мүшелерін мен ұлпаларында түзілетін, жартылай қаныққан май қышқылдарының туындысы болып табылатын биологиялық белсенді заттар. Простагландиндер босануды қоздыру, қуаттандыру үшін, сонымен қатар медициналық көрсеткіштері бойынша жүктіліктің соңғы айларында оны тоқтату үшін қолданылады. Жанама әсері: оқсу, құсу, іш өту, тахикардия, бронхоспазм, аллергиялық реакция.