Слайд 2
Жоспары
«Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік
білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық негіздері.
«Өзін -
өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.
«Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік бағдарламасының және басқа пәндердің интеграциясы.
«Өзін – өзі тану» рухани адамгершілік білім – беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі.
Мақсаты: Мектептің біртұтас педагогикалық үдерісінің негізі жалпыадамзаттық құндылықтан туындайтындығын түсіндіру
Слайд 3
Жағымды күйге ену
Нұрға бөлену
Слайд 4
Үй тапсырмасы
- «Звёздочки на земле» фильмін көргеннен
кейінгі түйген ойыңыз қандай?
- Ишан сияқты оқушылардың жүрегіне қалай
жол табуға болады?
- Қазір фильмдегі қай кейіпкердің ролін сомдап жүрсіздер?
Слайд 5
1. «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік
білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық негіздері
В.А.Сухомлинскийдің сөзі: «Мұғалім
жақсы сабаққа өмір бойы дайындалады. Біздің мамандығымыздың рухани және философиялық негізі осында: оқушыларға білім ұшқынын шашу үшін мұғалім өз бойына телегей-теңіз нұр жинауы керек», - дейді
«Егер мұғалім тек сабағына деген махаббатты көрсетсе, онда ол жақсы мұғалім. Егер мұғалім балаға анасы, әкесі сияқты махаббатты сыйласа, онда ол барлық кітапты оқып, бәрін білетін мұғалімнен екі есе жақсы мұғалім», - деген екен Л.Толстой.
К.Д.Ушинский: «Білімін үздіксіз жетілдіруден жалықпаған ұстаз ғана мұғалім болуға жарайды, ал біліктілігін шыңдаудан қалған күні мұғалім болудан да қалады».
Слайд 6
Сократтың ең бірінші қағидасы
«Сен алдымен өзіңді өзің
таны»
Екінші қағидасы: «Менің білетінім: менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді»
"Әр адамның бойында күн бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер!"
«Кімде кім әлемді өзгерткісі келсе, алдымен өзі өзгерсін»
Дүниедегі ең оңай нарсе – біреуге ақыл айту,
Ең қиын нәрсе – өзіңді өзің түсіну
Сократ
469 – 399 б.з.д.
Әл – Фараби
870 – 950 жж
Слайд 7
Оқыту, ойлау және түсіну – осының бәрі бес
сезім мүшелірі арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер.
Олардың екеуі:
көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады.
Ақпарат бес сезім мүшелері арқылы сыртқы әлемнен түпкі санаға (кейде саналы түрде, кейде санадан тыс) түседі де, осы жерде психикалық-эмоциялық реңге ие болады.
Сана арқылы оқыту
Слайд 8
Сананың құрылымы
Жоғары сана
Сана
Түпкі сана
Интуиция
Эмоция
Дұрыс (оң)
қабылдау
Бес
сезім
мүшесі
ӘЛЕМ
Слайд 9
Сананың құрылымы туралы
З. Фрейд бірінші рет бейсаналық
(санадан тыс) бөлігін ажырата отырып, адам санасының құрылымын
жасады. Ол невроздарды зерттей отырып, сана саласынан шығып қалған эмоцияларды тапты және оларды түпкі сана (подсознание) деп атады.
З. Фрейд негізінен патологиялық жағдайларды қарастырғандықтан, оның теориясын жан-жақты ету адам мүмкіндіктерін шектеуге әкеліп соқтырды.
К.Г. Юнг сананың төменгі, жеке тұлғалық деңгейінен басқа жоғары деңгейінің (жоғарғы сана) бар екеніне назар аудара отырып, бейсаналық ұғымын кеңейтті. Ол сонымен қатар жоғары деңгейде әсерленудің терапевтік әсері бар екендігін және адамды ізгілендіре түседі, оған шығармашылық шабыт, қуат беретінін дәлелдеді.
Слайд 11
Сананы тазарту
Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін
қолданған жөн.
Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді
түйсінуге арналған тікелей әдіс.
Күні бойы барлық адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыныңыз.
Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөліңіз, және де оданда жақсысын жасауға шешім қабылдаңыз.
Ашу-ызыңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашу-ызаңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.
Ашулана бастасаңыз:
Бір стакан суық су ішіңіз;
Айнадан бет-жүзіңізге қараңыз;
Тыныш қана жатыңыз.
Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап айтыңыз.
Жан тебірентіп, жайландыратын, жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән салыңыз.
Жақсы компания, орта табыңыз.
Басқаларға тыныштық беруге, оларға қызмет етуге және оларды жұбатуға үйреніңіз.
Тыныштық сақтауға үйреніңіз. Жұмсақ, әрі мейірімді интонациямен сөйлеңіз.
Тыныс алуыңызды бақылаңыз: әр уақытта баяу, терең және ырғақты тыныс алыңыз және бұған кедергі жасайтын нәрсенің бәріне абай болыңыз.
Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға ұмтылыңыз.
Ажырата ойлауды дамытыңыз.
Ертедегі даналар:
«Әлемде тыныштық болсын және де ол менен басталсын!» деген екен.
Слайд 12
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Слайд 13
Өзін-өзі тану пәні және басқа пәндердің интеграциясы
Тұтастай білім
Слайд 14
“Балалар білімді аңсайды, бірақ олар жанды білімді аңсайды”
Шалва Амонашвили
Жансыз білім:
Білмесе де болатынын білетініміз;
Хабарлана салысымен ұмытылып қалатын
білім;
Жанды білім:
Адамды рухтандырады;
Ғылым көкжиегіне еліктіреді;
Слайд 16
Тұттастай білім Сыртқы білім
ішкі білім
- Адам тұлғасының барлық аспектілері ақыл,
қол және жүректің үйлесімді дамуықарастырады
- Байсалды тұлғаны дамыту;
-Адамның жаратылысынан бар рухани-адамгершілік қасиеттері мен құндылықтарын анықтап, күнделіктіөмірде жүзеге асыруға мұмкіндік жасауы;
- Ойы, сөзі, ісі бірлікте болатын мінез-құлыққа тәрбиелеу мақсат етіледі;
Слайд 17
Қалай интеграциялауға болады?
Сыртқы ықпалдастыру(өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік тәсілдерін
қолдану)
Ішкі ықпалдасу(дүниетанымдық, мәнді, мағыналы)
Слайд 18
Сабақтағы сабақ
- Мен пәнді оқытамын дегенше “Мен өскелең
ұрпақты оқытамын” деп айтқан жөн;
- Бастысы – пәнді оқыту
емес, пәнді оқыту арқылы тұлғаны рухани-адамгершілікте дамыту;
- Оқыту үдерісінде ең маңыздысы –жақсы мінез-құлықты, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес келетін лайықты тұлға болу;
Слайд 19
Ішкі интеграцияның мақсаты:
Сабақтың рухани-адамгершілік мәнін айқындап беру;
Оқытып отырған
пәннің мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу;
Пәндегі беріп отырған білімді біріктіру;
Слайд 20
Ішкі интеграцияның жолдары:
Ғылымдардың даму тарихы мен ұлы ғалымдардың
өмірінен шабыттандыратын мысал келтіру;
Қазіргі ғылыми жаңалықтармен таныстыру:
Тән.Жан.Рух.
Үшеуі де бірлікте болған білім өміршең
Әрбір оқу пәнінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықты анықтау
Слайд 24
Мұғалім мүсінші ме, алде бағбан ба?
Слайд 25
4. Өзін – өзі тану рухани адамгершілік білім
беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі
Мұғалімнің жоғары рухы
Ы.Алтынсарин: «Мұғалім –білім берудегі ең маңызды адам. Ең озық педагогикалық оқу құралдары, үкімет қаулылары, өте қатал инспекторлық бақылау маңызы жағынан мұғалім дәрежесімен теңесе алмайды. Сондықтан, мен үшін мұғалім әлемдегі барлық асыл заттардан да қымбат».
Ш.Амонашвили: «Мұғалімді ойшыл, шығармашыл, еркін етіп тәрбиелеу керек. Мұғалімдерді балағаттаудың орнына оларды ұлықтау қажет. Олар өмір суретшілері ғой. Бүгінгі мұғалімдер ХХІ ғасырдың ортасын салып жатыр».
Адольф Дистервег: « Мұғалім рухын бірде бір кітап алмастырмауы қажет және алмастыра алмайды да».
Слайд 26
Педагогтың үш стилі
Авторитарлық стиль
Либералдық стиль
Ізгілікті
стиль
Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін
– тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын
Альберт Энштейн
Слайд 27
Мұғалімнің үш түрі
Шағымданушы
Түсіндіруші
Қанаттандырушы
Слайд 28
Мұғалімнің басты қасиеттері
Мұғалімге басты екі қасиет қажет: қарапайымдылық,
өз кемшіліктерін ұғыну үшін, және де кемелденуге тілек
(ертеде
мұғалім балалардың алдына бармас бұрын ойларын тазалап алған).
Слайд 29
"Мектепті емес, мұғалімнің рухани әлемін реформалау керек"
Ш. Амонашвили.
Ш.Амонашвили: «Ізгі педагогика манифестінде былай дейді:
Мұғалім – нұр сыйлаушы жан иесі, адам жанын тәрбиелеуші Ұстаз.
Оқушы – нұрды іздеуші, шөліркеген жан.
Сабақ – Ұстаз бен оқушының кезесуінен туатын бірлескен асқақ өмірдің айрықша жолы.
Тәрбие– өсіп келе жатқан адамның рухани қорегі.
Білім– адамның ең жоғарғы қабілетінің ашылуының тылсымы.
Мектеп –адам жанының көтерілуі үшін арналған баспалдақ.
Шабыттану– жан дүниенің шаттығы.
Өзін-өзі тану дегеніміз- адам өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалу үшін қажет.