құралдарымен сипаттаудан (оның мағынасын экспликациялаудан) тұратын аударма тәсілі. Бұл
тәсіл аударма тілінде сәйкес атаудың болмаған жағдайында немесе аудармашының оны білмеген жағдайында пайдаланылады.Сипаттама аударма – аудармашыға ең қиын жағдайларда көмек көрсететін әмбебап тәсіл. Ол әлеуметтік, географиялық не ұлттық ерекшеліктерге байланысты аударма тілінде сай ұғымды белгілейтін сөз жоқ болғанда өте тиімді. Сипаттама аударма таныс емес реалий сөздерді (баламасыз лексиканы) оқырман мен тыңдаушыға түсіндіріп жеткізеді. Бұл тәсіл транслитерация немесе транскрипция арқылы жиі қолданылады. Бұл аудармашы үшін өте қиын, ал оқырман не тыңдаушы үшін өте жеңіл тәсіл. Сипаттау – сызықша, жақша, сілтеме, кітап соңындағы ескертпелер арқылы беріледі.
Тікелей контекстегі реалий сөздерді түсіндіру – көркем аударманың ерекшелігі.