Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
Т.И.Лемецкая бойынша пародонт ауруының жалпы емдеу әдістері,қарсы көрсеткіштері;
Ағзаның реактивтiлігiн ынталандыру;
Ауруға қарсы терапия;
Десенсибилизациялаушы терапия;
Жалпы әл беретiн емдік әдіс(Общеукрепляющее)
ІІІ.Қорытынды
ІV.Қолданылған әдебиеттер
Слайд 3
Кіріспе:
Қазіргі таңда балалардың пародонт ауруларын емдеуі маңызды
мәселелердің бірі болып отыр. Пародонт аурулары Қазақстанда 73% кездеседі,
ол Қазақстан үшін өте көп. Пародонт пен ішкі ағзалардың аурулары өзара байланыстырылған. Жалпы және жергiлiктi емдік кешендi өткiзу, аурудың қайталануының ескертуіне және оның болжамын жақсартуға мүмкiндiк туғызады. Тіс дәрiгерiнің жетістігі пародонт ауруының патогенезін және патологиялық үрдісін бiлуі жалпы емге ықпал ететін құралдарды тағайындауға тәуелді болады.
Слайд 7
Т.И.Лемецкая пародонт ауруының жалпы емдеу әдісіне:
Ағзаның реактивтiлігiн ынталандыру;
Ауруға
қарсы терапия;
Десенсибилизациялаушы терапия;
Жалпы әл беретiн емдік әдіс(Общеукрепляющее)
Слайд 8
Клиникалық көріністерінің ерекшеліктері мен лабораториялық мәлiметтерді жеке талдау
барысында емдік әдістерді іске асырамыз.
Слайд 9
Жағдай жасайтын (Т.И.Лемецкая ) терапияның қолдануына көрсеткіштер:
(Стимулирующая терапия).
Пародонттың
патологиясының бастапқы кезеңдерi;
Реактивтi көрсеткiштерiнiң шамалы төмендеуi;
Жас шамасындағы жаңадан көрiнген
аурудың баяу өтетiн үрдісінің болуы;
Өткiзiлген емдеу әдісінің эффектілігінің жоқтығы;
Аурудың баяулауы.
Слайд 10
Қарсы көрсеткіштер:
Пародонт тініндегі қарқынды үрдіс;
Парадонт тінінде
іріңді үрдістің жүруі;
Жаңа түзiлiмдердiң бар болуы;
Гормональді бұзылыстар;
Менструальді және жүктiлiк
мерзiмi;
Жалпы ауыр жағдайдағы аурулар;
Тiстем өзгерістерінің ауыр формалары;
Слайд 11
Ағзаның реактивтiлігiн ынталандыру
Ерекше стимуляция үшiн биостимуляторларды қолданады (алоэ,
биосед, ФИС , терi астына 25-55 инъекциялардың 1 мл
бойынша), пиримидин және тиазолидин туындылары (метилурацил немесе метацил 2 апта iшiнде күніне 0,5 г 3 реттен ,пентоксил 2-3 апта ішінде күніне 0,2 г 3 реттен тағамнан кейiн), иммунномодулдалатын препараттар (декарис 3-3, 5 аптада үш реттен тәулігіне 100-150 мг бойынша лейкоциттер формуласын бақылап тағайындалады)
Слайд 12
Ағзаның төзімділік факторларына продигиозан және пирогенал жағдай жасайды.
Продигиозан 0, 005% ерiтiндiсімен 0, 5 мл бойынша бұлшық
етке енгізіледі,емдеу курсы 3-6 инъекциядан 4-7 күн интервал аралығында.Препараттың тасымалданғыштықтары алдын ала тексеріледi. Пирогеналды (ең төменгi пироген дозасын) 5 МПДпен бұлшық етке ендiредi, жинағы 10-30 инъекциялар.
Слайд 13
Ерекше стимуляторлар: анаболик стероидтары (метандростенолон, ретаболил), анаболик стероид
емес құралдары - калия оротаты. Препараттар азотты баланыстарға оң
ықпал етедi. Метандростенолонды күніне 0,005 г 2 реттен тағамның алдында iшiке тағайындайды,емдік курсы 3-5 апта. Ретаболил үш аптада 1 реттен 0, 25 мг бұлшық етке,емдеу курсы 5-7 инъекциядан.
Слайд 14
Кальций препараттарын бiр уақытта тағайындайды: пантотенат кальций,глицерофосфат,глюконат кальций,фитин.Сүйек
тініндегі метаболизмның регуляциялары үшiн - ти-рокальцитонин қолданылады. Оны фосфор
және кальций препараттарымен 1 таблеткасын күніне 3 реттен ішке немесе 20 күн ішінде 2 реттен 5 мг бұлшықетке енгізеді. Т.В.Никитина (1997 ) натрий фторидының таблетка түрiндегi фтордың 1 мг бойынша iшке қабылдауға кеңес бередi.
Слайд 15
Ауруға қарсы терапия
Пародонттың жұмсақ тініндегі және сүйек
альвеоласының іріңді қабыну үрдісінде қолданылатын антимикробты препараттар: әсердiң кең
спектрiнiң антибиотиктерi және сульфаниламидтер. Антибиотиктердi қолданылуының алдында микрофлораның сезгiштiгін анықтау керек. Антибиотиктерден жиiрек рондомецин, олететрин, линкомицин, эрициклинді қолданады. Емдеу ағымы 7күннен 14 күнге дейін белгiлi схема бойынша өткiзіледi. Ауыз қуысының кандидоздың профилактикасы үшiн саңырауқұлаққа қарсы препараттарды тағайындайды: нистатин, низорал, леворин.
Слайд 16
Пародонт қалтасында фузосприллярлы инфекция болған жағдайда схема бойынша
трихонол 0, 25 г тағайындайды: 1 күн – 4
таблетка,4 күн бойынша 3 таблеткі және 2 күнде 2 таблеткі,емдеу курсының жалпы дозасы 5 г.Препаратты тамақтың алдында қабылдайды,оны антибиотиктермен және сульфаниламидтермен қабылдауға болады.Қабылдау кезінде спирттік сусындар қабылдауға болмайды.
Слайд 17
Десенсибилизациялаушы терапияда :
диазолин,
фенкарол,
супрастин,
тавегил 7-10күнде 1
таблеткадан таңертең және кешке қабылдайды.
Глюконат кальцийдің 10% ерітіндісін күніне
1 рет бұлшықетке енгізеді, курсы 15 инъекциядан.
Кальций хлоридінің 10% күніне 3 реттен 1 ас қасықпен қабылдау.
Слайд 19
Жалпы әл беретiн емдеу әдісі (Общеукрепляющее) тиiмдi және
үйлестiрiлген тағам, еңбек тәртiбi және демалыс, витаминотерапияны өткiзуді анықтауға
бағытталған. Витаминотерапия аурудың бастапқы даму кезеңдерiне өте тиiмдi, бiрақ ол жазда және қыстыгүнi аурудың даму кезеңдерінде жүргiзiлуi керек.
Слайд 20
P(рутин) ,C витаминдерін пародонт ауруының барлық түрінде
қабылдауға кеңес береді.Аскорутинді тәулігіне 2-3 реттен 0,1 г-нан тамақтан
кейін қабылдау,курс 1 ай.
С (аскорбин қышқылы ) витамині күніне 3 реттен 0,05-0,1 г-нан тамақтан кейін қабылдау.
Слайд 21
В1 витамині пародонт тіндерінің трофикасын жақсартады.Көмірсу және ақуыз
алмасуын реттейді. Оны жүйке ауруларында,диабет ауруында және Боткин,асқазан-ішек жолдарының
ауруында тағайындайды.30-40 күн күніне 2-3 реттен тамақтан кейін 0,005-0,01 г ішке қабылдайды. Оны қызыл иекте электрофорез немесе өтпелі қатпарға новокаинның 1% ерiтiндiсi бар 5% инъекция жолымен енгізуге болады. Курс 10 инъекций.
Слайд 22
В6 витаминін (пиридоксин), В12 витаминін (цианкобеламин) парадонтит және
пародонтозды емдеуде, неврастенияда, сусамырда, асқазан-iшек жолдарының , бүйрек ауруларында
тағайындалады. Әрбiр препаратта 10-12 инъекциядан емдеу курсы жүргізіледі.
Слайд 23
Е витамині тотықтырғыш - қалпына келтiру процессте организмді
жақсарту үшiн тәулігіне 50-100 мг ,30% май ерiтiндісі түрiнде
(ацетаттың токоферолы) қолданады.
A витамині эпителий тінінің қалыпты функциясын қамтамасыз етедi, 3 аптада күніне 2 реттен 20 тамшысын тағайындайды. Күнделікті 1 капсуладан «Аевит» тағайындалады. Пародонт ауруларында жиі поливитаминді комплексті тағайындайды: «Гендевит», «Ундевит», «Алфавит», «Квадевит», «Декамевит» және т.б.
Қорытыңдылай келе, біздің ағза – бұл өзін – өзі
реттейтін бір тұтас жүйе. Біз тек қана пародонт тіндерінің ауруларын емдеп қана қоймай жалпы адам ағзасын сауықтыруымыз керек. Осыған байланысты балаларда пародонт ауруын емдеуде ауру сезімінсіз және тимді ем жүргізуде заманауи технологияларды қолданып кешендi ем жүргізуіміз қажет. !!!
Слайд 25
Қолданылған әдебиеттер:
Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста.
- М.: Медицина, 2006. –
Курякина Н.В. Детская терапевтическая
стоматология. – М. –Н.Новгород, 2007– 744 с.
Интернет (google.ru.,medsite.ru.)