Слайд 2
ЖОСПАР.
Маскүнемдік туралы түсінік.
Маскүнемдіктің клиникалық
көріністері.
3.Маскүнемдіктің даму сатылары.
4.Маскүнемдікті емдеу және
емдеудің кезеңдері.
5.Нашақорлық туралы түсінік.
6.Уытқорлық туралы түсінік.
7.Нашақорлық пен уытқорлықтың түрлері.
8.Нашақорлық пен уытқорлықтың даму кезеңдері.
9.Нашақорлық пен уытқорлықтың патогенезі.
Слайд 3
Маскүнемдік туралы
түсінік.
Маскүнемдік немесе алькоголизм (араб.al-kohl-өте нәзік,сезілмейтін)-алькогольдік ішімдіктерді жүйелі түрде
қолданудан туындайтын психикалық ауру.Маскүнемдікке психикалық құмарлық және физикалық тәуелділік,яғни қолдануды тоқтату кезінде “абстиненттік синдром” “бас жазу” синдромы тән.Маскүнемдікті медисиналық тұрғыдан психоәлеуметтік ауру ретінде қарастырылады.
Слайд 4
Алкоголь немесе оның ыдырау өнімдері клеткалардың митохондрияларын және
микросомдық аппараттарын тікелей зақымдайтындығы анықталған.Маскүнемдікке байланысты бауырда, орталық жүйке
жүйесінде және жүректе күрделі өзгерістер жүреді.Маскүнемдік 20-29 жас аралығында қалыптасады.Маскүнемдердің 10%-ы бауыр цирозына шалдығады.Орталық жүйке жүйесі улана келе маскүнем есінен танып,іс-әрекетіне жауап бере алмайды.Ауру ұзаққа созылғанда,тұрақты психикалық және сомото-неврологиялық ауытқулар қабаттаса жүреді.Алкоголь әсерінен жүрек бұлшықеттері де зақымдалып,жүрек қуыстары кеңейеді.Қан қысымыныңжоғарлауы байқалады.Жүкті әйелдердің маскүнемдікке салынуы өте қауіпті, өйткені ол іштегі шарананың қалыпты дамуын бұзып,шарана организмінде әр түрлі ауытқулар тудырады.
Слайд 5
Маскүнемдіктің созылмалы түрінде адамның ой-өрісі,сана-сезімі тежеліп, күш-жігері кемиді.Сонымен
қатар созылмалы маскүнемдікте ауыз қуысында, жұтқыншақта,көмекейде,өңеште,ас-қазанда қатерлі ісіктердің пайда
болу мүмкіндігі артады.
Слайд 6
Маскүнемдіктің клиникалық көріністері.
Адамның бет әлпеті әжімделіп,қартайып көрінеді,беті домбыққан,қызғылтым
болады,артынан қызарады.
Болбыраған бұлшықеттері ішімдік ішкеннен кейін қалпына келеді.
Мінез-құлқы мен
тәртібінің өзгерістер туады.
Әлеуметтік жағдайларға бейімделуі бұзылады.
Бірнеше рет арақты қоюға немесе оны аз ішуге нәтижесіз талпыныстар жасайды.
Ішімдік ішуден басқада шаруасы жоқ.
Слайд 7
Жұмысқа деген қабілеті мен қызығушылығы азаяды,бірге істейтін әріптестерімен
қақтығысу,жұмысқа кешігу белгілерімен көрінеді.
Мастық кезінде жасағандарын ұмытып қалады.
Отбасы мүшелерінің
немесе достарының ішімдік ішуден өзгерген маскүнем адамның тәртібіне шағымдалуылары болады.
Ішкі ағзалардың қызметтері бұзылады.
Слайд 8
Маскүнемдіктің даму сатылары.
Бірінші сатысы 1 ден 4 жылға
дейін созылуы мүмкін.Бұл кезде адам көп ішкенді көтере алады,артық
ішкеннен кейін құсу болмайды,масаю кезінде істерін ұмытып қалады.Науқастарда рухани тәуелділік дамып,ұдайы ішкісі келіп,ішпеген кездерде өзін-өзі жайсыз сезінеді.Бұл кезеңде физикалық тәуелділік болмайды.
Екінші сатысында (5-15 жыл) ішімдікті көп және күнделікті іше бастайды.Есте сақтау қабілеті төмендейді,ал ішпеген кезде ойлау әректі бұзылады,адамгершілік қабілеттінен айырылады.
Доғару синдромы:денесінің қызарумен,бет әлпеті домбығумен, қол басы мен саусақтарының қалтылдауымен,бас ауру мен бас айналуымен,көз қарашығы кеңеюмен,жүрек ауру сезімі туады.
Үшінші сатысы 5-10 жыл кезінде ішімдікке төзімділік азаяды.Бірнеше күн ішкеннен кейін әл-қуаты,жан-дүниесі кеміп, белгілі уақыт ішуді тоқтатуға тура келеді.Ішімдікке организм төзімділігінің аздығынан,науқас адам жиі өлімге ұшырайды.
Слайд 9
Маскүнемдікті емдеу және оның кезеңдері.
Маскүнемдікті емдеудің негізгі 3
кезеңі бар.
Олар-алкогольден улану зардабын жою және науқастың көңіл-күйін қалпына
келтіру.
Ішімдікке әуестікті жойып,оларға жиіркеніш сезімін тудыру және төзе алмаушылықты қалыптастыру.
Негізгі емі витаминотерапия,дәрі-дәрмектер:инсулин,атропин,аминазин.Сонымен қатар,ауру адамды қамқорлыққа алудың,тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралардың маңызы зор.
Слайд 10
Нашақорлық-психосматиканың біртектес бұзылыстарына жатады.Бұл кезде біртіндеп көбейетін өлшемдерде
оларды ұдайы қабылдауға адамның аңсары ауып тұрады және қабылдауды
тоқтатқан кезде доғару синдромы және физикалық тәуелділік туындайды.Нашақорлық ресми түрде есірткілердің қатарына жатқызылатын заттардан туындайтын дерттің түрі.
Слайд 11
Уытқорлық-есірткілердің қатарына жатпайтын уытты заттарды артық қабылдаудан дамитын
дерт түрі.
Медициналық тұрғыдан нашақорлық пен уытқорлық көпшілік жағдайларда бір-біріне
сәйкес келетін ұғым.Олар бір-біріне ауысуы мүмкін.Мәселен,нашақор артынан уытты заттарға,уыртқорлар артынан есірткілерге ауысуы мүмкін.
Слайд 12
Нашақорлық пен уытқорлықтың түрлері.
Нашақорлық
УЫТҚОРЛЫҚ
Каннабизм
Кокаинизм
Апиындық
Тетрагидроканнабинол
Полинашақорлық
Психоттық
Транквилизаторлар
Антидепрессанттар
Психостимуля
толар
5.Ұйықтататын дәрілер
6.Этанол.
Слайд 13
1. Бастапқы саты-бұл сатысы 2-6 айға созылады.Содан біртіндеп:
Неврастениялық
псиастениялық синдромдар дамиды.
бұл заттарға рухани тәуелділік қалыптасады.
бұл заттардың
теріс әсерлеріне организмнің бейімделуі болады.
бұл заттарға организмнің төзімділігі көтеріледі.
2. Физикалық тәуелдік сатысы.Бұл кезде адамның қобалжу, қаннағаттанбағандық,зарығу,айналасындағыларға өшігу сияқты организмнің жайсыздығы мен вегететивтік бұзылыстар болады.сонымен қатар мұрыны бітелу, жиі түшкіру,көз жасарлау,бұлшықеттердің ауыруы,тәбеттің жоғалуы,құсу, іш өту,асқазан-ішек ауруының дамуы байқалады.Жүйке жүйесінде де асқынулар байқалады.
3. Ақырғы саты.Организмнің төзімділігі төмендейді.
Қабылдауы сирейді
Адамның бет әлпеті әжімделіп,тез қартайып кетеді,қимыл-қозғалысы үйлесімсіз,тәлтіректеп жүреді.
Көптеген ішкі ағзалардың қызметтері бұзылады.
Адам қатты арып,жүдейді
Артериялық қан қысымы төмендейді.
Слайд 14
Тыныс алуы жеткіліксіз.
Бауырдың уытсыздануы,метаболизмдік және нәруыздартүзу қызметтерінің бұзылыстары,бауырды
май басу,оның беріштенуі
Бүйрек қызметінің жеткліксізденуі
Ми мен жүйке қызметтернің бұзылыстары
Адамның
ойлау қабілетінің төмендеуі байқалады.
Науқастың ақыл-есі кеміп,парасттықтан, адамгершілік қабілетінен айырылады.
Тыныс алуы жеткіліксіз.
Бауырдың уытсыздануы,метаболизмдік және нәруыздартүзу қызметтерінің бұзылыстары,бауырды май басу,оның беріштенуі
Бүйрек қызметінің жеткліксізденуі
Ми мен жүйке қызметтернің бұзылыстары
Адамның ойлау қабілетінің төмендеуі байқалады.
Науқастың ақыл-есі кеміп,парасттықтан, адамгершілік қабілетінен айырылады.
нашақорлықтың
патогенезі.
Жалпы ортақ белгілеріне:жан-дүниеге әсер ететін заттарды қайталап қабылдауға деген құштарлық болуы,оларға организмнің төзімділігі қалыптасуы,рухани тәуелділік қалыптасуы,физикалық тәуелділік қалптасуы.
Есірткі немесе уыттарға әуестендіретін затты қабылдау адамның көңіл-күйін уақытша сергітіп,жайлылық,шаттық сезім туындатады.Мида дерттік нығайту жүйенің дәнекерлері болып дофамин,норадреналин,серотонин,эндорфиндер мен энкефалиндер есептеледі.
Слайд 16
Қолданылған әдебиеттер.
Энциклопедия “Қазақстан”-387бет
Журнал “Спорт және денсаулық”
Журнал “Валеология”
Интернет.
Патофизиология-Әділман Нұрмұхаметұлы