әке-шеше. Әр отбасының өз заңдылығы, дәстүрі болады. Отбасында өсіп
келе жатқан ұрпақ ата-бабаларының дәстүрін жалғастырады. Ата-ана бала тәрбиесіне жауапты. Сондықтан әке – отбасының асыраушы. Шеше үй шаруасына көп көңіл бөледі. Ас әзірлеу, дастарқан жасау, балаларына тәрбие беру – ананың міндеті болса, әке балаларына талап қояды, дұрыс бағыт беріп отырады. Ата-ана балалардың білім алуына көмектесіп, мамандық таңдауына ақыл береді. Балалар әке-шешенің тәрбиесімен ортада өзін қалыптастырады. Әр бала – отбасы мүшесі ғана емес, қоғамдағы жеке тұлға. Отбасы мүшелері қаржы мәселесін де бірігіп шешеді. Қаржыны үнемдеп, қажет жағдайда жұмсауда ата-ана көмектеседі