Өзінің ішкі ережелері бар, мақсаты мен міндеті айқын қойылған
бұл үйірмеде 9б сынып оқушылары мүшелік етеді. «Қаламгер» журналы айына 1 рет шығып тұратын журнал, санаулы данамен тарайды.Журналды шығару идеясы мектеп оқушылары өз ойларын ашық білдіре алатындай, өз мәселелерін жаза алатындай журнал шығару. Мектеп оқушылары арасындағы талантты, дарынды жастарды қалың көпшіліккетаныстыруды мақсат еттім. Шығармашыл қабілетті оқушылардың ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндік береді. Осы жағдай оқушыны сырттай бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік беріп, жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отырса, келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесі зор болмақ.
Бұл жерде менің суретім тұрады
Теңгебаева Айгерім
«Қаламгер» үйірмесінің жетекшісі
Қанатты сөзден қанаттанайық!
Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек ұмытпайды. (Абай)
Тілден артық қазына жоқ
Тілден артық қасиет жоқ. ( Н.Назарбаев.)
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.(Ғ. Мүсірепов.)
Әркімнің туған тілі –туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе.(С.Мұқанов)
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. (А.Байтұрсынов)
«Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң тәртіп керек»
(М. Әуезов)