Слайд 3
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп
беру жүйесін дәйекті түрде реформалау он бес жылдан астам
уақыт бойы жалғасуда. «Бухгалтерлік есепке алу туралы» заң күші бар Жарлығын 1995 жылы қабылдау бастапқы кезеңі болды. Халықаралық стандарттардың негізінде әзірленген Қазақстандық бухгалтерлік есепке алу стандарттарын 1996 жылы енгізу, ҚЕХС-ке көшудің бастамасы ретінде қызмет етті.
Слайд 4
Осы процестің екінші және ең басты кезеңі 2002
жылы Заңды 2-1-баппен толықтыру болды, ол бойынша ҚЕХС-на сәйкес
қаржылық есеп беруді мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ұйымдар мынадай тәртіппен жасауға тиіс:
- қаржы ұйымдары 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап,
- акционерлік қоғамдар 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап
- өзге де ұйымдар 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Слайд 5
2012 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН бастап ҚР Үкіметінің №
544, 06 маусым 2008 жылғы Жарлығымен бекітілген нәтижеге бағытталған
бюджетті енгізу бойынша шаралар жоспарының 24 тармағына сәйкес пилоттық мемлекеттік органдарға ҚСХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесі енгізілді.
1 қаңтар 2013 ЖЫЛДАН бастап ҚР Бюджеттік Кодексінің 117 бабына сәйкес ҚР мемлекеттік мекемелері қаржылық есептілігін бюджетті орындау бойынша уәкілетті органмен бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұсынады
Слайд 6
«Пилоттық бағдарламаға» енгізілген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тізімі
ҚР Қаржы
Министрінің бұйрығы, 30 қараша 2010 жыл № 599
1.
ҚР Қаржы министрлігі
2.ҚР Білім және ғылым министрлігі
3.ҚР Көлік және коммуникация министрлігі
4.ҚР Ауылшаруашылық министрлігі
5.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
6.Ақмола облысының әкімшілігі
7.Қарағанды облысының әкімшілігі.
Слайд 7
Қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін негізгі құрал – ҚСХҚЕС
Қоғамдық
Сектордың Халықаралық Қаржылық Есептілік стандарттары (ҚСХҚЕС) – бұл Халықаралық
Бухгалтерлер Федерациясымен (ХБФ) (International Federation of Accountants (IFAC)) негізгі әрекеті мемлекеттік қызметтерді көрсету және қаржыландырылуы негізінен мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асатын ұйымдар үшін жасалған стандарттар.
Слайд 8
Сонымен қатар 2013 жылдың 1 каңтарынан бастап ШОБ
кәсіпорындары ХҚЕС көшті.
Бұл стандарттар 35 бөлімнен тұрады. Яғни
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңына сәйкес ШОБ кәсіпорындары өздерінің қаржылық шаруашылық қызметтеріне ХҚЕС стандарттары қажет деп санаса ХҚЕС көшуіне болады.
Слайд 9
Инвесторларды және әлуетті инвесторларды шынайы жалпыға түсінікті қаржылық
ақпараттармен қамтамасыз ету
Трансұлтты компаниялардың бухгалтерлік есеп берулерді дайындауға және
оларды шоғырландыру шығындарын қысқарту
Ұлттық нарықта басқа елдердің бухгалтерлерін пайдалануға кең мүмкіндік беру
АҚШ ережелеріне және жалпы қабылданған бухгалтерлік қағидаларына басым болатын жалғыз балама
Бухгалтерлік есепті стандарттау
Негізгі мақсаттары:
Слайд 10
Халықаралық бухгалтерлік стандарттар бойынша комитет
Слайд 11
қоғамның мүддесіне үшін, қаржылық есеп беруді ұсынғанда міндетті
түрде пайдаланатын, бухгалтерлік стандарттарды әзірлеу және жарыққа шығару және
оларды барлық әлемде қабылдауға және сақтауға жағдай жасау
қаржылық есеп беруге жататын, бухгалтерлік стандарттарды жетілдіру және келісім жасау бойынша жұмыс жасау
Комитеттің мақсаттары:
Слайд 12
1989 – Бағалы қағаздар бойынша
комиссия Халықаралық ұйымы құрылды (IOSCO)
1993 – компанияларға көптеген
биржаларға бір уақытта капитал тартуға мүмкіндік беру мақсатында әлемдік қорлар биржасына ХҚЕС енгізу бойынша IOSCO бірінші жобасы
2001 сәуәр айы – халықаралық стандарт бойынша комитетті (ХҚЕСК) ауыстыру үшін халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары бойынша Кеңес (ХҚЕСК) құрылды
ҚЕХС сәйкес құрылған қаржылық есеп беру – бұл халықаралық капитал нарығына кілт болып табылады:
Слайд 13
2002 наурыз – Еуропалық одақтың Директивасы бекітілді:
Еуропаның биржаларында
акциялары айналымда болатын
барлық компаниялар, 2005 жылдан бастап ХҚЕС бойынша шоғырландырылған есеп беру дайындауға міндетті.
Америкалық қор нарығында акциялары айналымда болатын және өздерінің қаржылық есеп берулерін US GAAP бойынша дайындайтын, сонымен қатар өздерінің қарыздық құралдарын реттелентін нарық айналымындағы компаниялар үшін ХҚЕС енгізу 2005 жылдан 2007 жылға ауыстырылды
2001 – АҚШ корпоративтік дағдарыстың басы:
АҚШ БЕЖС және ХҚЕС «біріктіру» болашағы талқыланды. ХҚЕС кеңесінің – АҚШ бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша Кеңесінде отырыс өткізілді
Слайд 14
Қазіргі кезде Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары
ҚЕХС сәйкес
Қаржылық есеп беруді дайындаудың және ұсынудың концепциясы
Халықаралық қаржылық
есеп беру стандарттары:
International Accounting Standards (IAS) 28 стандарт
International Financial Reporting Standards (IFRS) 13 стандарт
Интерпретациялар.
Слайд 15
ӘРЕКЕТТІҢ ҮЗДІКСІЗДІГІ
фирма болашақта жұмыс істеуге ниетті екендігін, қызметті
жою қажеттілігі немесе қызмет ауқымын анағұрлым қысқартуға ниеті жоқ
екенін білдіреді. Егер мұндай ниет немесе қажеттілік болса, онда қаржылық есептілік арнайы ереже бойынша жасалады.
ЕСЕПТЕУ
фирма қаржылық есептілігін (Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруден басқа) есептеу әдісі бойынша дайындайды.
яғни Активтер, Міндеттемелер, Таза Активтер/Капитал, Кірістер мен Шығыстар:
олар пайда болған кезде танылады (ақша қаражаттары немесе олардың баламалары келіп түскен немесе төленген кезде емес)
Бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау қағидалары
Слайд 16
Бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау қағидалары
Қаржылық
есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары
Түсініктілік
Орындылық
Сенімділік
Салыстырмалылық
Слайд 17
Қаржылық ақпаратты пайдалы ететін не?
орындылық
Мазмұнның нысаннан басымдылығы
салыстырмалылық
түсініктілік
Шынайылық
сенімділік
Болжамдық
мән
Растайтын мән
Шешім қабылдайтын пайдаланушылар үшін ақпараттың пайдалылығын қамтамасыз ету.
Толық және шынайы болып табылатын ақпарат
Ұқсастықты көріп, бағалау мүмкіндігі
Ақпараттың маңыздылығын қабылдай алу мүмкіндігі
Бейтараптылық
Жан-жақтылық
Толықтылық
Агрегаттау және сыныптау
Пайдаланушылардың қабілеттілігі
Слайд 18
Қаржылық есептілік элементтері
Қаржылық есептілік операциялар мен басқа оқиғалардың
қаржылық нәтижелерін олардың экономикалық сипаттамаларына сәйкес негізгі санаттарға (қаржылық
есептілік элементтеріне) топтай отырып көрсетеді.
Бұл категориялар қаржылық есептілік элементтері деп аталады.
Активтер, міндеттемелер және капитал қаржылық есептіліктің қаржы жағдайын бағалауға байланысты элементтері болып табылады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау қағидалары
Слайд 21
КАПИТАЛ
Капитал – бұл барлық міндеттемелер шегерілгеннен кейін қалатын
активтердегі үлес.
Бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау қағидалары
Резервтер
Слайд 22
Кірістер – бұл таза активтердің/капиталдың
ұлғаюына әкелетін (капиталға қатысатын тұлғалардың салымдарымен байланысты ұлғаюдан басқа),
есептік кезеңдегі активтердің келіп түсуі немесе өсімі не міндеттемелердің азаюы нысанындағы есептік кезеңдегі экономикалық пайдалардың ұлғаюы.
Шығыстар – бұл таза активтердің/капиталдың азаюына әкелетін (капиталға қатысатын тұлғалардың салымдарымен байланысты азаюдан басқа), есептік кезеңдегі активтердің шығуы немесе кемуі не міндеттемелердің ұлғаюы түріндегі есептік кезеңдегі экономикалық пайдалардың азаюы.
Кірістер мен шығыстар қаржылық қызмет нәтижелері туралы есепте қызмет нәтижелерін тікелей өлшеуге байланысты элементтер болып табылады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау қағидалары
Слайд 23
қаржылық есептілік элементтерінің тану белгілері
кәсіпорын табатын немесе
жоғалтатын баптарға байланысты қандай да бір болашақтағы экономикалық пайданың
ықтималдығы болады.
нақты жұмсалған шығындар немесе баптардың құны сенімді түрде бағалануы мүмкін.
Бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау қағидалары
Слайд 25
Бұл стандарт Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес
дайындалынатын және ұсынылатын жалпы сипаттағы қаржы есептілігінің барлығына міндетті
түрде қолданылуы тиіс.
Слайд 26
Қаржы есептілігі - ұйым қызметінің
қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерін құрылымдалған түрде ұсынылуы болып
табылады.
Жалпы мақсаттағы қаржы есептілігінің мақсаты экономикалық шешімдер қабылдау кезінде пайдаланушылардың кең тобы үшін пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелері мен ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады.
Қаржы есептілігінің мақсаты
Слайд 27
Қаржы есептілігінің толық жинағы
кезеңнің соңындағы қаржылық жағдай жөніндегі
есептілік;
кезең ішіндегі жиынтық табыс жөніндегі есептілік;
кезең ішіндегі капитал өзгерістері
жөніндегі есептілік;
кезең ішіндегі ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі есептілік;
есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер;
Слайд 28
тәжірибеде қаржылық жағдай жөніндегі есептіліктің
2 түрі пайдаланады:
(1) Таза активтер (актив-міндеттеме) = Капитал
(2) Актив
= Міндеттемелер + Капитал
Бұл түрлердің әр қайсысы ХҚЕС 1 сәйкес келеді
Қаржылық жағдай жөніндегі есептілік
Слайд 29
Қаржылық жағдай туралы есепте ұсынылуға тиісті ақпарат
жеке
меншік, ғимарат пен жабдықтар;
инвестициялық жылжымайтын мүліктер;
материалдық емес
активтер;
қаржы активтері;
қатысу әдісі бойынша ескерілген инвестициялар;
биологиялық активтер;
босалқылар;
сауда және басқа дебиторлық берешек;
ақша қаражаты және ақша қаражатының эквиваленттері;
сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер;
қаржы міндеттемелері;
пайдаға салынатын салықтар;
кейінге қалдырылған салық міндеттемелері мен кейінге қалдырылған салық активтері;
міндеттемелер;
бас ұйымның иелеріне тән шығарылған капитал және резервтер.
Слайд 30
Қорлар
Қаржылық инвестициялар
Ақшалай қаражаттар және олардың баламалары
Қысқа мерзімді активтер
Дебиторлық
қарыз
Кассадағы ақша қаражаттар
Есеп айырысу шоты
Шетел валютасындағы шот
Арнайы шот
Өзге де
ақша қаражаттары
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
Бюджеттік төлемдер бойынша дебиторлық берешек
Бюджетпен есеп айырысулар бойынша дебиторлық берешек
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешегі Жұмыскерлердің дебиторлық берешегі
Материалдар
Аяқталмаған өндіріс
Дайын өнім
Тауарлар
Жолдағы қорлар
Слайд 31
Биологиялық активтер
Материалдық емес активтер
Инвестициялық жылжымайтын мүлік
Негізгі құралдар
Ұзақ мерзімді
активтер
Қаржылық инвестициялар
Жер
Ғимараттар
Құрылыс-жайлар
Өткізгіш құралдары
Көлік құралдары
Машиналар мен жабдықтар
Аспаптар
Өзге негізгі құралдар
Жер
Ғимараттар
Жер және
ғимараттар
Ғимарат бөлігі
қаржылық және өзге де қаржылық инвестициялар
Бағдарлама-лық қамтама-сыз ету
Авторлық құқықтар
Лицензиялық келісімдер
Патенттер
Жануарлар
Өсімдіктер
Слайд 32
Актив мынадай өлшемдердің кез келгеніне сәйкес келген жағдайда
айналымды (қысқа мерзімді) ретінде жіктеледі:
оны сату және іске
асыру ұйғарылады немесе ол қалыпты операциялық цикл барысында қолдануға арналған;
ол негізінен сауда мақсаттарына арналған;
есепті кезеңнен кейін 12 ай ішінде оны сату ұйғарылады; немесе
есепті кезеңнен кейін кем дегенде 12 айға міндеттеме бойынша есептеу үшін айырбастау немесе қолдану рұқсат етілсе – бұл ақша қаражаты немесе ақшалай баламалар.
Барлық өзге активтер ұзақ мерзімді (айналымнан тыс) ретінде жіктеледі.
Активтерді жіктеу
Слайд 33
Алынаған қарыздар
Өзге қаржылық міндеттемелер
Слайд 34
Алынған қарыздар
Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
Қаржылық міндеттемелер
Ұзақ мерзімді
міндеттемелер
Жабдықтаушылар мен мердігерлерге кредиторлық берешек
Жал бойынша кредиторлық берешек
Өзге де
кредиторлық
берешек
Бағалау және кепілдік міндеттемелер
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер
Слайд 35
Міндеттемені жіктеу
Міндеттеме мынадай кез келген талаптарды қанағаттандырғанда қысқа
мерзімді ретінде жіктеледі:
оны өтеуді қалыпты операциялық цикл шегінде жүргізу
ұйғарылады;
ол негізінен сауда мақсаттарына арналған;
ол есепті кезеңнен кейін 12 ай ішінде өтелуі тиіс; немесе
есепті кезеңнен кейін кем дегенде 12 айға субъект міндеттемені өтеуге мерзімін өткізіп алуға шарттсыз құқығы болмағанда.
Барлық өзге міндеттемелер ұзақ мерзімді ретінде жіктеледі.
Слайд 36
Жиынтық табыс жөніндегі есептілік
(а) бір жиынтық
табыс туралы есепте, бірақ мұндай кезде жиынтық табыс туралы
есепте кезең ішінде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптары ұсынылады.
(b) екі есепте, яғни пайдалар мен залалдар туралы есеп пен жиынтық табыс туралы есепте, сонымен бірге пайдалар мен залалдар туралы есепті қоспағанда осы ҚЕХС сәйкес рұқсат етілетін немесе талап етілетіндей пайдалар немесе залалдар құрамынан тыс жалпы жиынтық табысте танылған баптарды, кезең ішінде танылған барлық баптарды ұсынады.
Слайд 38
Шығыстар сипаттамасы бойынша талдау (көлік шығындары, тозу шығындары,
еңбек ақы шығындары және т.б.)
Шығыс қызметтері бойынша талдау (өткізілген
өнімнің өзіндік құны, сату шығындары, әкімшілік шығындар)
Жиынтық табыс жөніндегі есептілікте шығыстарды талдау
Слайд 40
Капитал өзгерістері жөніндегі есептілік
Капиталдағы өзгерістер туралы
есеп есептілік кезең ішіндегі пайда немесе залалдарды, кезең ішінде
танылған басқа да жиынтық табыстер құрамындағы кірістер мен шығыс баптарын, капитал иелерімен жүргізілген, кезең ішінде төленген инвестициялар сомаларын және дивиденттер мен басқа да бөлінімдердің сомаларын ұсынуы тиіс.
Слайд 41
Капитал өзгерістері жөніндегі есептілік
Слайд 42
Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі есептілік
ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі есептілікті құру
мақсаты – ақша қаражаттарын келесі қызметтер қорытындысында келіп түсуі мен шығуын көрсетеді:
операциялық қызмет
инвестициялық қызмет
қаржылық қызмет
Слайд 43
Операциялық қызмет екі әдісті пайдалана отырып жасалынады:
Тікелей
әдіс
Жанама әдіс
Слайд 44
Қаржылық есептілікке ескертулер
Жоғарыда көрсетілген қаржылық есептілікте
қосымша ретінде ұсынылатын ақпараттардан тұрады.
Ескертулерде аталған
есептерде ұсынылған баптарды және осы есептерде тануға жатпайтын баптар туралы ақпарат сипатталады немесе нақтыланады.
Слайд 45
Есеп «Зингер»
2013 жылдың ішінде «Зингер» компаниясы өзінің
меншігіндегі акциялардың қозғалысына қатысты келесі операцияларды жүзеге асырды:
1) 2013
ж. 02 ақпанда 100000 жай акциялардың эмиссиясы 10 теңгеден жүргізілді, номиналдық құны 1 теңге;
2) 2013 ж. 30 наурызда компания 2010 ж. 2 ақпанындағы эмиссиясынан 10000 өзінің акциясын 13 теңгеден сатып алды;
3) 2013 ж. 25 маусымда 5000 сатып алынған акциялар 15 теңгеден сатылды.
Слайд 46
2012ж. 31 желтоқсанға «Зингер» компаниясының бөлінбеген пайдасы
230 мың теңге болды, бұрында номиналды құнынан 90 мың
теңгеге жоғары сомаға іске асырылған 50000 жай акциялар айналыста болды. «Зингер» компаниясының 2013 ж. таза пайдасы 30 мың теңге болды. Жылдың ішінде негізгі құралдарды қайта бағалау резервінің кредиттік қалдығы 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге өсті.
Тапсырма:
«Зингер» компаниясының 2013 ж. 31 желтоқсанына меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есебін дайындаңыз.