Жоcпары:Арттерапия туралы жалпы түсінікДрама терапиясы өзін-өзі жоғары бағалауына ықпал етуші терапия ретіндеДрама терапиясы бойынша тренинг бағдарламасы
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады.
Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып келеді. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.
Слайд 4
Драма терапия – адамды рольдерде ойнату арқылы
дамыту. Қатысушылардың бірі-бірімен қарым-қатынасына, өзін-өзі жоғары бағалауына ықпал етуші
терапия .Түрлі психолгиялық мәселелердi шешуге мүмкiншiлiк бередi.
неміс ғалымдарының бірі - барлық мүмкіншілікті зерттеуге болатын зертхана
іспетті деген екен.
Бұл жаңаша тәсіл. Сабақ бір сюжетке байланысты бағытталады да , театрландырылған кейіпте өтеді. Бұл тәсілде сабақтың түрлі әдіс-тәсілдері бір-бірімен үйлесім табады.
арттерапияның етек алған бағыты, драматизация секілді кеңінен таралған техникалық
әдістерді пайдаланады, яғни белгілі бір сюжет ойнатылады. Драматизация техникасы психодрамада, транзактілік талдауда және басқа да бағыттарда қолданылады.
Арттерапиядағы бұл бағытты кейде театрлық терапия деп атайды.
Бұл атау анағұрлым дұрыс (себебі, бұл жағдайда драматургия емес, театр өнері негіз болады), бірақ аз қолданылады. Заманауи драматерапия – түрлі әдістермен, мектептермен, тұжырымдамамен ұсынылған күрделі және көпқырлы көрініс.