Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Көне қытай елінің философиясы

Содержание

Өз уақытында Гегель айтқандай, Күннің өзі шығыстан шыққаннан кейін, біз де философияның тарихын Шығыс елдерінен бастаймыз.Бірақ мұның өзі «Шығыстық» тұжырымға әкелмеуі керек. Жоғарыдағы көрсеткеніміздей, философия бір уақытта дүние жүзінің кемінде үш жерінде - Қытай, Үнді, Грецияда
КӨНЕ ҚЫТАЙ ЕЛІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ Өз уақытында Гегель айтқандай, Күннің өзі шығыстан шыққаннан кейін, біз де философияның Сол үш цивилизацияның бірі - ұлы Қытай елі. Ол - бүгінгі таңда Көне Қытай философиясы  Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі мен . Ван шаруашылық мәселесіне де, әскери, діни билікте де ең жоғарғы басшы Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық 1. Инь және Ян мектебі.2. Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер.3. Моистер мектебі.4. Атаулар Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер кітабынан» (б.ж.с.д. Инь және Ян - әлемнің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы ілім Ян – еркек бастамасы, күн нұрындай жарық, ашық бекем және күшті. Ян Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар – тіл, ахлақ, саясат Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-цзы философиясының негізгі өзегі болып табылады. Әлемнің негізі материалдық күш (ци) және оның екі түрі болады (инь жэне Бұл тұжырым Абайдың ауруды жаратқан Құдай, бірақ нақты адамды ауру қылған Құдай Тек тәрбиелеу жұмысы арқылы адамгершілікке баулып, адамның ежелгі табиғатын өзгертуге болады. Өмір Моизм мектебінің негізін салушы Мо Дидің (б.ж.с.д. 479-391 ж.) баса көңіл аударған Атаулар мектебі заттар мен құбылыстардың тілде бейнелену сәйкестілігіне баса назар аударды. (Мұндай Ал, заңгерлер мектебіне келетін болсақ, онда оның назары саяси-әлеуметтік мәселелерге ауып, мемлекет Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық (дэ), адамгершілік, инсандық (жэнь) категорияларын қалыптастырып, дамытқан. Егер заң (фа) мен өкім (мин) өзгертіліп отырса, онда адамдардың да іс-әрекеті Конфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі даосизм Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қартайып қалған кезінде . Адамның табиғатын үш тұрғыдан саралайды: қайырымды ер (цзюнь-цзы), шағын адам (сяо-жэнь), 6) өз уәжінде тұру; 7) ұстаздың даралығы; 8) ұстаздың еркін тәуелсіздігі; 9) . Даосизмнің қайнар көзі - «Дао-Дэ- цзин» деп аталатын философиялық трактатта көрсетілген. . Дао сансыз заттарды жасаса да, әрекетсіз күйін сақтайды; бос қуыс сияқты, НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Слайды презентации

Слайд 2 Өз уақытында Гегель айтқандай, Күннің өзі шығыстан шыққаннан

Өз уақытында Гегель айтқандай, Күннің өзі шығыстан шыққаннан кейін, біз де

кейін, біз де философияның тарихын Шығыс елдерінен бастаймыз.
Бірақ мұның

өзі «Шығыстық» тұжырымға әкелмеуі керек. Жоғарыдағы көрсеткеніміздей, философия бір уақытта дүние жүзінің кемінде үш жерінде - Қытай, Үнді, Грецияда дүниеге келеді. Философияның мәселелері бір болғанымен, бұл үш цивилизация оларға үш түрлі жауап береді, ұқыпты оқырман оны оқыған кезде байқайды ғой деген үміттеміз.


Слайд 3 Сол үш цивилизацияның бірі - ұлы Қытай елі.

Сол үш цивилизацияның бірі - ұлы Қытай елі. Ол - бүгінгі

Ол - бүгінгі таңда заманның қойған Талабына сәйкес жақсы

жауап тауып, өте тез дамып келе жатқан ел. Ғалымдардың айтуына қарағанда, XXI ғасырдың отызыншы жылдарында Қытай дүние жүзіндегі ең дамыған елге, дүние жүзінің экономикалық орталығына айналмақ.


Слайд 4 Көне Қытай философиясы Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің,

Көне Қытай философиясы Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі мен

философияның елі мен жері. Мамандар Қытай өркениетінің басталуын ся

дәуіріне, яғни б.д.д. III – II мыңжылдықтың саясына жатқызады. Б.д.д. XVII-XIIғ.ғ. Шан-Инь мемлекетінде қола мәдениеті дамиды, шаруашылықтың құлдық қоғамдық түрі жетілді. Шан-Инь дәуірінде Қытайда алғаш жазу пайда болған. Ежелгі Қытай тілінің грамматикасы қалыптаса бастаған. Шан-Инь қоғамының саяси билігі ван топтары арқылы жүргізілді

Слайд 5 . Ван шаруашылық мәселесіне де, әскери, діни билікте

. Ван шаруашылық мәселесіне де, әскери, діни билікте де ең жоғарғы

де ең жоғарғы басшы болды. Ванның билігін шандықтар дәріптеп,

оны тәңірге теңеген. «Шан-ди» деген титулға ие болған ван өзін «Мен-адамдардың арасындағы ерекше жаратылыспын. Жалғызбын» деп жариялады. Шан — жер кіндігінің Ұлы қаласы, Қытай — жердің Ұлы орталығы деген уағыздар таралды.

Слайд 6 Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі

Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде

Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның

орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:


Слайд 7 1. Инь және Ян мектебі.
2. Конфуций мектебі немесе

1. Инь және Ян мектебі.2. Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер.3. Моистер мектебі.4.

әдебиетшілер.
3. Моистер мектебі.
4. Атаулар мектебі.
5. Заңгерлер мектебі.
6. Күш пен

жол мектебі (дао цзя).


Слайд 8 Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз

Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер кітабынан»

бастауын «Өзгерістер кітабынан» (б.ж.с.д. VII-VII ғасырда) алады. Бұл кезең

мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялық көзқарастарға орын босата бастаған кезі болатын.


Слайд 9 Инь және Ян - әлемнің бастауында тұрған мәндер.

Инь және Ян - әлемнің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы

Бірақ олар туралы ілім дуалистік сипатта емес, себебі барлық

болмыс ол екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалық бірлікте болатын қарама-қарсылықтар. Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына нұсқайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі - диалектикалық дамудың көзі.

Слайд 10

Ян – еркек бастамасы, күн нұрындай жарық, ашық

Ян – еркек бастамасы, күн нұрындай жарық, ашық бекем және күшті.

бекем және күшті. Ян жалпы жағымды нәрсенің бастамасы. Инь

- әйел бастамасы, аймен байланысты, сондықтан көлеңкелі, күңгірт және әлсіз.

Слайд 11 Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер

Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты

адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам - бұлар

үшкілдік бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршілік кешеді.

Слайд 12 Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша

Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун

Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз

Кун деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды.

Слайд 13 Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар

Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар – тіл, ахлақ,

– тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында

Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ та басқа Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді.

Слайд 14

Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь

Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен

юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда

Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған. «Лунь юий» - біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш.
Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттеріне арнайы бөлінген қорымға жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналған.

Слайд 15 Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші

Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал

кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш

көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.


Слайд 16 Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған.

Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш

Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой

қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс.

Слайд 17 Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да,

Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын

жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен

отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.

Слайд 18 Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп

Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі

кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі

мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн жэне Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен толықтырьш отырған.


Слайд 19 Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген қағида

Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-цзы философиясының негізгі өзегі болып табылады.

Мэн-цзы философиясының негізгі өзегі болып табылады.


Слайд 20 Әлемнің негізі материалдық күш (ци) және оның екі

Әлемнің негізі материалдық күш (ци) және оның екі түрі болады (инь

түрі болады (инь жэне ян). Әлем өзінің табиғи заңдылықтары

арқылы өмір сүреді, көк тәңірі - әлемнің құрамдас бөлігі ғана, оны зерттеп, сырын ұқса адамдардың мақсат-мүдделеріне пайдалануға болады, Бақытты, бақытсыз болу, сау немесе ауру, бай немесе қайыршы болу адамдардын өзіне ғана байланысты.

Слайд 21 Бұл тұжырым Абайдың ауруды жаратқан Құдай, бірақ нақты

Бұл тұжырым Абайдың ауруды жаратқан Құдай, бірақ нақты адамды ауру қылған

адамды ауру қылған Құдай емес; байлық кедейлікті жаратқан Құдай:

бірақ белгілі бір адамды бай немесе кедей қылған Құдай емес, адамның бақытты яки бақытсыз болмағы өзінен дейтін ойымен үндесіп жатыр.

Слайд 22 Тек тәрбиелеу жұмысы арқылы адамгершілікке баулып, адамның ежелгі

Тек тәрбиелеу жұмысы арқылы адамгершілікке баулып, адамның ежелгі табиғатын өзгертуге болады.

табиғатын өзгертуге болады. Өмір бойы өзін-өзі жетілдіруте құлшыну -

адамдық парыз. Қытай қоғамдық өмірінде Сюнь-цзы философиясы да көрнекті орын алған. Әсіресе, оның мемлекеттік басқару ісін жетілдіру жөніндегі тұжырымдары күні бүгінге дейін өз манызын жоймақ емес, өйткені, бұл мәселеде бірінші кезекте халықтың мақсат-мүддесін ойлау керек, мемлекеттік іс-шараларды мейірбандықпен жүзеге асыру керек деген қағидалар шынымен де қандай болмасын ілімнің құнын арттыратыны сөзсіз.


Слайд 23 Моизм мектебінің негізін салушы Мо Дидің (б.ж.с.д. 479-391

Моизм мектебінің негізін салушы Мо Дидің (б.ж.с.д. 479-391 ж.) баса көңіл

ж.) баса көңіл аударған негізгі мәселесі әлеуметтік ахлақ болып

табылады. Бұл мектептің ілімі Конфуцийге мүлдем қайшы келетін. Өйткені, оның негізінде дерексізденген жалпы сүйіспеншілік жататын. Теориялық іспен айналысу - бос уақыт өткізумен бірдей. Адамдарға керегі нақтылы дене еңбегі, оның пайдалы нәтижесін, өмір үйлесімділігін көкке тән жігер реттеп тұрады-мыс. Кейіннен Мо Дидің ізбасарлары таным мәселелеріне көңіл бөліп, ұстаздарының қош көрмеген онтологиялық сұрақтарға жауап іздеген көрінеді.


Слайд 24 Атаулар мектебі заттар мен құбылыстардың тілде бейнелену сәйкестілігіне

Атаулар мектебі заттар мен құбылыстардың тілде бейнелену сәйкестілігіне баса назар аударды.

баса назар аударды. (Мұндай мәселе Еуропалық философияда, яғни ортағасырлық

схоластикада ондаған ғасырдан кейін ғана қарастырылған - автор).


Слайд 25 Ал, заңгерлер мектебіне келетін болсақ, онда оның назары

Ал, заңгерлер мектебіне келетін болсақ, онда оның назары саяси-әлеуметтік мәселелерге ауып,

саяси-әлеуметтік мәселелерге ауып, мемлекет пен құқықтың шығу төркінін, олардың

мәнін, мақсаттылық қызметін зерттеуді қолға алған. Бұл орайда, Конфуций ілімін өткір сынға алып, өздерінің көзқарастарын жасақтаған. Бұл мектеп Хань династиясының кезеңіне сай қалыптасқан деп білеміз. Оның іргетасын қалаушылардың бірі Шан Ян: «Кім ақылды болса, ол заң шығарады, ал кім ақымақ болса, ол заңмен шектеледі. Қабілетті тәртіпті өзгертеді, ал, қабілетсіз тәртіп арқылы шырмалады. Тәртіпке шырмалған адаммен іскерлік туралы, ал заңмен шектелген адаммен өзгерістер туралы әңгімелеудің жөні жоқ» депті.


Слайд 26 Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық (дэ), адамгершілік, инсандық

Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық (дэ), адамгершілік, инсандық (жэнь) категорияларын қалыптастырып,

(жэнь) категорияларын қалыптастырып, дамытқан. Дао (жол) заттар мен құбылыстардың

даму тәртібін белгілейді. Олардың мазмұны қатып қалған күйде болмайды, керісінше өзгеріп отырады. Бұл орайда Инь және Янның бірлігі арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамдағы тәртіп дегеніміз кемшіліктерді сырттай мойындау. Мұның орнына билеуші мен қоғамның арақатынасын қайтадан реттеу керек. Билеуші заң (фа) немесе өкім (мин) шығарады, алайда олар қоғамның терең қатпарларына жетпейді (увэй). Себебі олар тек марапаттау мен жазалау жүйелеріне байланысты ғана шығарылған.


Слайд 27 Егер заң (фа) мен өкім (мин) өзгертіліп отырса,

Егер заң (фа) мен өкім (мин) өзгертіліп отырса, онда адамдардың да

онда адамдардың да іс-әрекеті заман талабына сай өзгеріп отыруы

тиіс. Өйткені, билеушінің орны көк тәңірінің қолдауымен белгіленген...
Заңгерлер мектебінің негізгі фәлсафалық тұжырымы «жаңа заманға ескі киім кигізуте болмайды» дегенге келіп саяды. Жаңа заман талаптарына сай жаңа заңдар шығарылуы тиіс. Жаңа тарихи шындық үшін басқарудың соны тәсілдері қажет. Конфуцийлік ілімнің нұсқауына ерік ескі тәртіпке қарайлай берудің пайдасы жоқ. Алайда, осы пікірдің авторы Хань Фэй, Цинь императоры Шихуанның оны қатты мойындап, қалған басқа мектептерге тиым салғанына қарамастан, өз атымен байланысты қалыптасқан қатыгез басқару тәсілінің салдарына шыдамай өзіне-өзі қол салған дейді, көне деректер.


Слайд 28 Конфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы

Конфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі

философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның қазақшасы «жол»

деген сөз.
Бұл ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ал шын аты-Ли Эр. Көне Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналған Лао-цзы б.ж.с.д. 604 жылы туылған деген мағлұмат бар. Бірақ көптеген Қытай зерттеушілерінің өздері бұл мағлұматтың шындығына күмән келтіреді. Лао-цзы 160-200 жыл ғұмыр кешкен деген де мәлімет бар.

Слайд 29 Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет

Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қартайып қалған

атқарған. Қартайып қалған кезінде Конфуциймен кездесіп сұхбаттасқан да екен.

Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар - дао, дэ, у-вэй. Дао - әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол - даоға кереғар қағида. Дао - өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» - заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды.

Слайд 30 . Адамның табиғатын үш тұрғыдан саралайды: қайырымды ер

. Адамның табиғатын үш тұрғыдан саралайды: қайырымды ер (цзюнь-цзы), шағын адам

(цзюнь-цзы), шағын адам (сяо-жэнь), адамсүйгіштік (жэнь). Адамсүйгіштік-тің мәнісі -

өз олқылығын жеңіп, сөзі мен іс-әрекетінде дұрыс жолға түсуде. Даоның осы идеясы «вэнь» термині арқылы жеткізіледі. Түптеп келгенде «вэнь» - сөз бен білімділік арқылы жеткізуге болатын рухани мәдениет. «Вэньге» ниет қойған адам күнделікті өмірде көптеген қиыншылыққа ұшырайды. Асыл да ақылды жандарға жалған мен жаман ортада тіршілік жасау жеңіл болмайды. Бірақ ұлысты ұстаз болу үшін, дейді Конфуций мына қасиеттерді игеру шарт: 1) өзінше ұстаздыққа жету; 2) ұстаздыққа ылайық биязы болу; 3) ұстаздыққа іштей бейімділігі; 4) адамдармен тіл табыса білуі; 5) өз өсиетіне берік болуы;

Слайд 31 6) өз уәжінде тұру; 7) ұстаздың даралығы; 8)

6) өз уәжінде тұру; 7) ұстаздың даралығы; 8) ұстаздың еркін тәуелсіздігі;

ұстаздың еркін тәуелсіздігі; 9) жұмыстағы мінез - құлықтың ұстамдылығы;

10) ұстаз ниетінің адалдығы; 11) ұстаз жанының мейірімділігі; 12) ұстаздың ақылдыны айқындап, таланттыны қолдай білуі; 13) жолдасқа деген сенімділігі; 14) ұстаздық талапты орындауы; 15) ұстаздың қарым-қатынастағы тартымдылығы; 16) ұстаздың құрметтеуі және төзімділігі. Даосизм - қоршаған дүниенің құрылымы мен тіршілігінің негізін түсіндіру және адам, табиғат пен ғарыштың игілікке апаратын жолын табу мәселесін қарастырады.

Слайд 32 . Даосизмнің қайнар көзі - «Дао-Дэ- цзин» деп

. Даосизмнің қайнар көзі - «Дао-Дэ- цзин» деп аталатын философиялық трактатта

аталатын философиялық трактатта көрсетілген. «Дао» - «жол, алғашқы бастама,

алғашқы түпнегіз» деген мағынаны білдіреді. Дао-заттардың табиғи өсу, өнуімен бірге, әлемнің негізін құрайды. Бүкіл әлем Дао заңына бағынады. Даосизм философиясының негізгі мәселесі - ұлы Дао туралы, жалпылама Заң және Абсолют туралы ілім. Даоны ешкім жасаған жоқ, бірақ бәрі де содан тараған. Дао барлық жерде, әрқашан, әр уақытта, шексіз өз үстемдігін жүргізеді. Оны сезім арқылы көруге, естуге болмайды. Дао табиғаттың, қоғамның, адам мінезі мен ойының табиғи, бірақ көрінбейтін заңы. Оның бастамасы да, аяғы да жоқ. Сондықтан ол атаусыз. Ол уақыт пен кеңістіктен тәуелсіз, солай бола тұра, жарық дүниедегі барлық нәрсенің негізі мен бастамасы, аты мен түріОлар елді басқарудың рулық дәстүрі мен рәсімдерін қабылдамады. Осыған орай .

Слайд 33 . Дао сансыз заттарды жасаса да, әрекетсіз күйін

. Дао сансыз заттарды жасаса да, әрекетсіз күйін сақтайды; бос қуыс

сақтайды; бос қуыс сияқты, бірақ мәңгі, таусылмайды, оларды әруақытта

реттейді. Ұлы аспанда Даоның ықпалында. Өмірдің мәні де, мақсаты да, оны танып білу, соның тәртібіне еру, сонымен жарасу. Даоны тану дегеніміз табиғаттың заңын ұғыну және сол тәртіпке үйлесе білу. Легизм – (латынша заң дегенді білдіреді) – фацзя мектебінің заң туралы ілімі, ерте қытайдағы саяси-этикалық ілім, адамды, қоғамды және мемлекетті басқару туралы көзқарастар. Легизм Чжоу династиясының билігі ыдырай бастағанда қалыптасады. Легизмнің көрнекті өкілдері – Гуань Чжун (б.д.д. 645), Шан Ян (б.д.д. 390-338), Хань Фэй цзы (280-233 шамасы). Легистер байырғы рулық қатынастарды, оның тірегі – ақсүйектік тұқым қуалаушылықты сынады. бастапқы Конфуций ілімімен тай-таласта қалыптасты. Конфуцийдың этикалық талаптарын «ойын» сөзге жатқызды.

  • Имя файла: kөne-қytay-elіnің-filosofiyasy.pptx
  • Количество просмотров: 203
  • Количество скачиваний: 4