Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Қазақтың математика саласы бойынша алғашқы ғалымдары

Қазақтың математика саласы бойынша атақты ғалымдарыЖәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы
Қазақтың математика саласы бойынша алғашқы ғалымдары Әлімхан Әбеуұлы Ермеков (1891- 1970) – аса көрнекті Қазақтың математика саласы бойынша атақты ғалымдарыЖәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) – ғалым, физика-математика Қазақтың математика саласы бойынша атақты ғалымдарыНазарбай Қыдырұлы Білиев – белгілі ғалым –
Слайды презентации

Слайд 2 Қазақтың математика саласы бойынша атақты ғалымдары
Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы

Қазақтың математика саласы бойынша атақты ғалымдарыЖәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) – ғалым,

(1911-1989) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым

академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған.
1934-1951 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған. 1945 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясында Математика және механика секторы ашылып, кейіннен Математика және механика институты құрылған. О.Жәутіков 1945-1965 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика секторында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, 1965-1969 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтының директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, 1969-1989 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясы Президиумының мүшесі, Физика-математика ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін атқарған. 1985-1989 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтында зертхана меңгерушісі болған.
Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған.
О.Жәутіков – республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. 1958 жылы академик О.Жәутіков алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулығын шығарған. Ол 200-ден астам ғылыми еңбектердің, ғылыми-танымдық кітаптардың, методикалық жұмыстардың, көптеген оқулықтардың авторы.
 

Асан Дабысұлы Тайманов (1917-1989) – белгілі қазақ математигі, физика-математика ғылымдарының докторы (1961), Қазақ ССР ҒА-ның академигі (1962), Ұлы Отан соғысының ардагері.
Ол Орал облысы, Орда ауданы, Бейсен ауылында туған. Он жастағы Асан мұғалім Ахметфаиз Тажетдинов көмегімен орда кеңшарындағы балалар үйіне орналастырылып, тәрбиеленеді. Кейін педагогикалық училищеге айналдырылған Сломихиндегі шаруа жастар мектебінде оқыды. Оны үздік бітіріп, 1933 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына түсіп, оны бітіргеннен кейін математика кафедрасының кіші мұғалімдігіне қалдырылды. Осы мезгілде М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті механика-математика факультетінің сырттай оқыту бөліміне емтихан тапсырып, студент атанады. Оның үшінші курсын бітіргеннен кейін, 1938 жылы А.Д.Тайманов Ленин атындағы Москваның мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасында 1941 жылға дейін оқыды.
Қазақстанның шақыруымен Асан Дабысұлы 1947 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтына қызметке келді. Мұнда ол физика-математика факультетінде математика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Онда ол 1954 жылға дейін болды.
1955-1960 жылдар арасында 20 ғылыми еңбек жарық көрді. Өзінің айналысып жүрген дескриптивтік жиындар теориясының көзқарастарын модельдер теориясының талай проблемаларына пайдаланып, Таймановтық индуктивтік процесті ашты, Тайманов критерийін ашты.
1960 жыл да Асан Дабысұлына жайлы жыл болды. «Жоғары алгебра» мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер атағы берілді. Ондай атақ ілуде біреуге беріледі. Бұдан әргі Тайманов жолы СССР Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесімен байланысты. Мұнда ол Математика институтында және Новосибирск университетінде қызмет істеді. А.Д.Тайманов 1961жылы ғылым докторы болса, 1962 жылдан академик. 1968 жылы ол Алматыға шақырылды, бірақ ол 1970 жылы қайта Сібірге оралды. Асан Дабысұлы 107 ғылыми еңбек жазып, бірнеше ғылым докторы мен кандидаттарын даярлады. Асан Дабысұлы математикалық логикадан ұйымдастырылған он төрт халықаралық конгрестің жетекшісі болды. Мұндай құрметке дүниежүзінде бірде-бір математиктің қолы жетпеген. Ол математиктер бекзадасы. Өзінің ақтық тілегімен Москвада жерленген .

Аманов Төлеубай Ыдырысұлы (25.8.1923,Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі, Құрманқожа ауылы – 21.6.1978, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарың докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі (1972). Функция теориясы бойынша Қазақстаннан шыққан бірінші ғылым докторы.
1940–42 ж. Семей педагогикалық институтының студенті. 1943 ж. каңтарда соғысқа аттанып, 2-Украин майданында ауыр жарақат алған. 1944 ж. ақпанда Семейге оралып, сол жылы педагогикалық институтты бітірген соң ұстаздық қызмет атқарды. 1950–53 ж. Мәскеуде КСРО Ғылым Академиясының Математика институтында аспирант, 1953–63 ж. Семей педагогика институтының проректоры және жоғары математика кафедрасының меңгерушісі. 1969–70 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институты директорының орынбасары, ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі, 1970 жылдан Математика және механика институтының директоры болды.
Амановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінде функционалдық кластарды іштестіру теориясы және оның қолданылатын мәселелері қарастырылған. Докторлық диссертациясында функциялардың 5В класының тұйық теориясын құрып, кейін сол класқа байланысты мәселелер туралы монография жазды. 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.


  • Имя файла: Қazaқtyң-matematika-salasy-boyynsha-alғashқy-ғalymdary.pptx
  • Количество просмотров: 168
  • Количество скачиваний: 0