Стрептомицин
Саудалық атауы
Стрептомицин
Дәрілік түрі
Бұлшықет ішіне енгізу үшін
ерітінді дайындауға арналған 1г ұнтақ
Құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат - стрептомицин сульфаты
(стрептомицинге шаққанда) – 1,0г
Сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік ұнтақ. Гигроскопиялы.
Фармакотерапиялық тобы
Бактерияларға қарсы жүйелік пайдалануға арналған препараттар. Бактерияларға қарсы
аминогликозидті препараттар.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Бұлшықет ішіне (б/і) енгізген кезде инъекция жасалған жерден стрептомицин тез және толық сіңеді. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға жету уақыты – 0.5-1.5 сағ., 1г б/і енгізгеннен кейін қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы – 25-50 мкг/мл. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 10%-дан аз.
Слайд 4
Стрептомицин
организмнің барлық тіндеріне (ми тіндерінен басқа), соның
ішінде жасушадан тыс сұйықтыққа, абсцесс сұйықтығына, перикардиальді, синовиальді, лимфатикалық
және перитонеальді сұйықтарға таралады.
Бүйректе, бауырда, өкпеде жоғары концентрацияларда болады; төмен концентрацияларда – сүйек және май тіндерінде.
Таралу көлемі ересектерде – 0.26 л/кг, балаларда – 0.2-0.4 л/кг, туғанына 1 апта толмаған және дене салмағы 1500 г-нан аз нәрестелерде – 0.68 л/кг дейін, жасы 1 аптаға толмаған және дене салмағы 1500 г-нан асатын нәрестелерде – 0.58 л/кг дейін, муковисцидозы бар науқастарда – 0.3-0.39 л/кг. Зақымданбаған ГЭБ арқылы өтпейді. Плацента арқылы және емшек сүтіне өтеді. Метаболизмге ұшырамайды.
Слайд 5
Препараттың жартылай шығарылу кезеңі ересектерде – 2-4 сағат,
жаңа туған нәрестелерде – 5-8 сағат, жасы үлкендеу балаларда
– 2.5-4 сағат.
Ақырғы T1/2 – 100 сағаттан асады (жасушаішілік қордан босап шығуы).
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарда T1/2, жеткіліксіздік дәрежесіне байланысты, 100 сағатқа дейін ауытқып отырады, муковисцидозы бар науқастарда – 1-2 сағат, күйікке шалдыққан және гипертермиясы бар науқастарда, клиренсінің жоғарылауы салдарынан, орташа көрсеткіштермен салыстырғанда қысқалау болуы мүмкін. Бүйректер арқылы шумақтық сүзілу жолымен (95%) өзгермеген күйінде шығарылады.
Слайд 6
Фармакодинамикасы
Стрептомицин – аминогликозидтер тобына жататын, әсер ету ауқымы
кең антибиотик. Сәулелі саңырауқұлақтардың Streptomyces globisporus немесе басқа да
Streptomyces spp. түрлерінің тіршілігі барысында түзіледі.
Төмен концентрацияларда бактериостатикалық әсер береді: микроб жасушасының ішіне еніп, рибосоманың 30S суббірлігінде спецификалық ақуыз-рецепторлармен байланысып, бұған түрткі болатын «рибосомның матрицалық РНҚ-30S суббірлігі» кешенінің түзілуін бұзады, нәтижесінде микроб жасушаларының өсуі мен дамуының тоқтауына әкеледі. Жоғарырақ концентрацияларда стрептомицин бактерицидтік әсер береді (цитоплазмалық жарғақшаларды зақымдап, микроб жасушаларын істен шығарады.
Слайд 7
Қолданылуы
- орнығуы алуан түрлі туберкулезде, соның ішінде туберкулезді
менингитте (біріктірілген ем құрамында)
- венерологиялық гранулемада
- туляремияда, бруцеллезде, обада
-
бактериялық эндокардитте (тек бензилпенициллинмен немесе ванкомицинмен біріктіріп)
- жедел бактериялық ішек жұқпаларында
- несеп шығару жолдарының жұқпаларында (қоздырғыштардың сезімталдығын анықтағаннан кейін)
Қолдану тәсілі және дозалары
Бұлшықет
ішіне.
Құтының ішіндегіні инъекцияға арналған стерильді суда немесе 0.9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе 0.25-0.5% прокаин (Новокаин) ерітіндісінде 1 г стрептомицинге шаққанда 4 мл еріткіш есебінен ерітеді. Ерітіндіні тура енгізер алдында дайындайды.
Ересектерге: бұлшықет ішіне енгізгенде бір реттік доза – 0.5-1 г, тәуліктік – 1-2 г. Стрептомициннің ең жоғары тәуліктік дозасы ересектер үшін – 2 г. Жағымдылығы нашар болғанда, дене салмағы 50 кг-ден төмен науқастарға, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдарға тәуліктік дозасы – 750 мг.
Балаларға: 3 айлыққа дейін – дене салмағының әр кг шаққанда тәулігіне 10 мг доза есебінен, 3 айлықтан 6 айлыққа дейін – тәулігіне 15 мг/кг, 6 айлықтан 2 жасқа дейін – тәулігіне 20 мг/кг, 13 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін – тәулігіне 15-20 мг/кг, бірақ 13 жасқа дейінгі балалар үшін тәулігіне 500 мг-ден аспайды және тәулігіне 1 г – жасөспірімдер үшін.
Слайд 9
Әртүрлі жастағы балаларға стрептомициннің ең жоғары дозалары:
2-4 жас
– бір реттік – 150 мг, тәул – 300
мг;
5-6 жас – бір реттік - 175 мг, тәул - 350 мг;
7-9 жас – бір реттік - 200 мг, тәул- 400 мг;
9-14 жас – бір реттік - 250 мг, тәул - 500 мг;
14 жастан асқан – бір реттік 500 мг, тәул – 1 г.
Слайд 10
энтерококктік этиологияда – 6 апта бойы стрептомицин бензилпенициллинмен
біріктіріліп енгізіледі: алғашқы 2 аптада – тәулігіне 2 рет
1 г-ден; кейінгі төрт апта бойы – тәулігіне 2 рет 500 мг-ден
Туляремия – 5-7-ші күнге дейін фебрильді температура жоқ болғанда 7-14 күн бойы тәулігіне 2 рет 0.5-1 г-ден.
Оба, бруцеллез – кемінде 7-10 күн тәулігіне 2 рет 1 г .
Венералық гранулемада, жедел бактериялық ішек жұқпаларында және несеп шығару жолдарының жұқпаларында – тәуліктік дозаны 2-4 енгізуге бөледі, курс ұзықтығы – кемінде 10 күн (14 күннен аспауы тиіс).
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде стрептомициннің тәуліктік дозасын азайтқан жөн. Креатинин клиренсі минутына 50-ден 60 мл-ге дейін болғанда доза тәулігіне 500 мг-ден аспауы тиіс; креатинин клиренсі минутына 40-тан 50 мл-ге дейін болғанда – тәулігіне 400 мг-ден аспайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі
- бас ауыру,
ұйқышылдық, әлсіздік, шеткергі неврит, бет жүйкесінің невриті (бет аймағында немесе ауыз қуысында күйдіру сезімі, ұю, шаншу), көру жүйкесінің невриті
- вестибулярлы және лабиринтті бұзылулар (қимыл үйлесімінің бұзылуы, бас айналу, жүректің айнуы, құсу, тұрақсыздық)
- жүректің айнуы, құсу, диарея, бауыр функциясының бұзылуы ("бауырлық" трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы, гипербилирубинемия)
Сирек:
- миорелаксанттармен бір мезгілде енгізген кезде бұлшықеттердің құрысып жиырылуы, полинейропатия, парестезиялар, жүйке-бұлшықет блокадасы (тыныстың тарылуы, түнгі апноэ, тыныстың тоқтап қалуы), Естудің жоғалуы, құлақтың шыңылдауы, шуылдауы, немесе құлақтың «бітелу» сезімі, естудің қайтымсыз кереңдікке дейін төмендеуі)
Нефроуыттылық (несеп шығару жиілігінің елеусіз артуы немесе азаюы, олигурия, полиурия, альбуминурия, гематурия, шөлдеу, анорексия, жүректің айнуы, құсу)
Гиперемия және енгізген жерде ауыру
Аллергиялық реакциялар: сирек – қышыну, тері гиперемиясы, бөртпе, өте сирек – ангионевротикалық ісіну, қызба, эозинофилия, бронхтың түйілуі, анафилактикалық шок
Артериялық қысымның төмендеуі, жүрек тұсының қысылып ауыруы, тахикардия, гипотензия