Слайд 2
Жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету. Оларға
әдістемелік көмек
көрсету арқылы педагогтардің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Мақсаты
Слайд 3
Т А Н Ы С У
«Көптің жүзін білгенше,
бірдің атын біл...»
Аты – жөнім – Динара
Шегендікқызы, мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беремін.
Слайд 4
«Өзіңді тереңірек тани біл!»
Сіздер көрсетіліп тұрған жеміс-жидектерден өзіңізге
ұнайтын бір жемісті таңдаңыз. Сол жеміс арқылы сіздің мінез-құлқыңыз
қандай екені анықталады. Қазір таңдаған жемістеріңізге сай топталып тұруларыңызды сұраймын. Таңдаған жеміс-жидектің өздеріңізге ұнайтын себебін түсіндіріңіз.
Слайд 5
1-топ. «Нағыз ұстаз моделі» мұғалімдер көзімен.
2-топ. «Нағыз ұстаз
моделі» оқушылар көзімен.
3-топ. «Нағыз ұстаз моделі» ата-аналар көзімен.
«Нағыз ұстаз
моделі» тақырыбында постер қорғау
Слайд 6
Ұстаздардың сезіміне психологиялық бақылау
1-топ. Ақ қағазға сызылған төртбұрыш
ішінде қара нүкте орналасқан.
2-топ. Жарқын шуағын төккен күн астында
әр ұлттың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
3-топ. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.
Әр топқа суреттер таратылады. Сол суреттерге қарап, суретті сөйлету керек.
Слайд 7
Ортасында қара нүктесі бар үлкен ақ кеңістік. Бұл
бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк болып
келеді, сол қағазға ата-анасымен бірге біздер, яғни ұстаздардың салған бейнесі, яғни берген тәрбиесі мен білімі қаншалықты дұрыс екенін, сол нәтижемен салыстыруға болады.
Слайд 8
Ұлты басқа болғанмен, бұл балалардың жан дүниесі бірдей,
сондықтан ұстаз оларға күннің сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын
төгеді
Слайд 9
Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел
ұйқыда. Бірақ бір ояу кісі бар. Бұл - мұғалім.
Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына жауапкершілікпен дайындалып отыр.
Слайд 10
Қорытындысы
Егер сіз 10-15 ұпай жинасаңыз, онда педагогикалық қабілетіңіз
жоғары деңгейде деп есептелінеді.
Егер сіз 8-9 ұпай аралығында болса,
педагогикалық қабілеті орта деңгейде дамыған болып шығады.
Ал егер 6 ұпай және одан төмен жинасаңыз, педагогикалық деңгейіңіз төмен деңгейде, дамыту қажет.
Слайд 11
Ұстаз – шәкірті үшін өз уақытын аямайтын, тіпті
өзін ұмытып, «ұстаз» деген ұғымды биік қоятын тұлға.
Слайд 12
Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп
қамтылған оқу-тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу
процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы.
Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен , бір жағынан оқытудың психолого – педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.
Сабақ
Слайд 13
Сабаққа қойылатын талаптар
Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс
ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және
тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануына әсер етеді. Бұл талаптар сабақ жоспары мен тақырыптық жоспардың жақсы жасалуына байланысты. Сабақ жоспарында сабақтың тақырыбы, мазмұнының қысқаша жоспары, білімдік және тәрбиелік мақсаты мен тапсырмалар, құрал-жабдықтар, көрнекіліктер, сабақтың құрамының кезеңдік түрлері, оқыту әдістері мен дидактикалық әдіс-тәсілдердің түрлері жазылады.
Слайд 14
Технологиялық талаптар
Технологиялық талаптар: Мұғалім өзі сабақ беретін сыныбындағы
оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, айтып жеткізуін, сабаққа ынта,
көңіл қоюын, ерік-жігерін, т.б. психологиялық жағдайы сабақ үрдісіне ерекше әсерін тигізеді.
Мұғалімнің көңіл-күйі, жинақтылығы, жүріс-тұрысы оқушыларға беріліп, оқу еңбегінің дұрыс немесе бұрыс болуына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалім өз бойындағы әр түрлі психикалық, эмоциялық көңіл-күйлеріне ерік бермей өзін тежеп ұстауы қажет. Оқушылардың жеке басын танып, зерттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ескеруі мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет.
Слайд 15
Гигиеналық талаптар
Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың
сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол болып түсуі- балалар
денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл-ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады. Ақпаратты қабылдауды өмірлік тәжірибемен ұштастырмау дұрыс емес. Ең бастысы, дененің әр түрлі сезім мүшелері бірдей жұмыс істеуін қатаң ескеру қажет. Мұндай үзіліс оқушының демалып, әр түрлі органдарының қалыпқа келуіне әсер етеді.
Слайд 16
Сабақтың үш мақсаты:
Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды
жүйесімен қаруландыру.
Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары
мен сенімін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
Слайд 17
Сабақтың негізгі компоненттері
1. Ұйымдастырушылық- сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру,
оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.
2. Мақсаттылық- оқушылар алдына сабақ мақсаты
мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.
3. Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.
4. Коммуникативтілік – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.
5. Мазмұндық – оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т.с.с. материалдарды таңдау.
6. Технологиялық – сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.
7. Бақылау – бағалаушылық – сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.
8. Аналитикалық (талдау) – сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау.
Слайд 18
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің
алгоритмі
1. Сынып
оқушыларының ерекшелігін есепке алу
Сынып деңгейі.Оқушылардың пәнге қызығушылығы.Сыныптың жұмыс қарқыны. Білім, білік, дағдының қалыптасуы, әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым-қатынас, оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы, оқушылардың жалпы тәртібі
2. Жеке ерекшеліктерді есепке алу:
жүйке жүйесінің типі, тіл табысушылығы, көңіл- күйінің өзгеруі, эмоционалдығы, оқушылардың жаңа материалды қабылдауына басшылық жасауы, көңіл- күйдің төмендеуін жеңе білуі; өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі,.
3. Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау.
1) Сабақтың тақырыптағы, тақырыптың жылдық курстағы орнын анықтау, сабақтың жалпы міндеттерін бөлу;
2) Сабақ тақырыбынақатысты үш түрлі:ғылыми, ғылыми-көпшілік, әдістемелік кітаптарды таңдап алу, олардың мазмұнымен танысу;
3) Оқу бағдарламасын қарап шығу, түсіндірме хатты қайта оқу, берілген тақырып бойынша
стандарт талаптарын оқып шығу, сабаққа байланысты мұғалімнен не талап ететінін анықтау;
4) Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім, білік, дағдыны бөліп алу;
5) Сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндетті бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу;
6) Сабақта оқушы нені түсінуі керек, нені есте сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау;
7) Оқушыларға қандай оқу материалын, қандай көлемде, қандай мөлшерде баяндау керектігін, жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау;
8) Сабақ міндеттеріне сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп алу, жаңа білім, білік, дағдыны қалыптастыратын, жаңа материалды игертетін тиімді тәсілдерді таңдап алу;
9) Оқушылардың дәптерлері мен тақтада не және қалай жазылатынын ойластыру;
10) Сабақты тұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, көзделген сабақ барысын сабақ жоспарына жазу.
Слайд 19
Түйсіну жүргіз
(түйсінудің сұрақтары)
Сізге бүгін не қиын болып көрінді
?
Сіз үшін бүгінгі оқып үйренгеннен ең бастысы не?
Қандай жаңа
ойлар, сезімдер сізде пайда болды?
Оқып үйренген материалдардан,Сіз өзіңізге қандай пайдалы жақтарын алдыңыз?
Не жайында толығырақ әңгімелескіңіз келеді?
Өзіңіздің сәтті жауаптарыңызға қанағаттану, қуанышты сәттер болды ма?
Сіз өзіңіздің жетістігіңізді байқадыңыз ба?
Слайд 20
Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген,
естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,
ешнәрсені ұмытпайтын...
алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар - намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
(Әл – Фараби)
Слайд 21
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс - тұрысымен, жайдары мінезімен,
тіпті
сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты
әсер етеді.
(Мәлік Ғабдуллин)